Қоғам • 12 Наурыз, 2025

Әскери шеруге байланысты кей аймақта жолдар жабылады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған  әскери шеру өтеді. Қорғаныс министрлігі әскери шеруге дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды және әскери техниканы теміржол көлігімен тасымалдау басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әскери шеруге байланысты кей аймақта жолдар жабылады

Фото: el.kz

Кей әскери техникалар күре жол бойымен де қозғалады. 

Ведомство осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, осы жылдың 22 сәуірі мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның ұшу жаттығуларына дайындық кезінде Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

«Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз», делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ресми хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025