Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Павел Дуров Amazon-ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Confidential Compute Open Network платформасын іске қосты. Аталған платформа ақпарат іздеуде ЖИ мүмкіндіктерін қолданушылардың жеке деректері мен құпиясын 100% сақтауға кепілдік беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Желтоқсан, 2025
Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына ұсынылған Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, Алматы облысында қалың тұман түскен. Осыған байланысты өңір арқылы өтетін бір автожолда көлік қозғалысы шектеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Ақтауда ТҮРКСОЙ елдерінің мәдениет министрлері бас қосты. Қандай мәселе талқыланды?
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті. Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен ТҮРКСОЙ елдері президенттерінің тапсырмалары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы шешімінен кейін доллар күрт арзандады
Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешімін жариялады. Осы қадамнан кейін АҚШ ақшасы 4,25 теңгеге арзандады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қараша, 2025
Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді
Аталған қаражатты көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ басым назардағы шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағыттау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Қараша, 2025
Инфекциялық ауруларға шалдығатындар көбейді. Себебі неде?
Соңғы жылдары елімізде кей инфекциялық аурулармен сырқаттанушылар саны артқан. Ұлттық статистика бюросының 2019 және 2024 жылдар аралығында 100 мың тұрғынға шаққандағы жүргізген есебінше, көкжөтел жұқтырғандар – 19 есе, скарлатина ауруы – 5,4 есе, вирустық гепатит – 3,1 есе, қызылша – 2 есе көбейген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент: «Ауыл аманаты» жобасына 2029 жылға дейін 600 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуді тапсырды. Президент осы бағытта ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту ісіне назар аудару қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президенттік жастар кадрлық резервінің 72%-ы басшылық қызметке тағайындалды
Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде биліктің барлық деңгейінде кадрлық құрамды жаңарту үдерісі жүріп жатқанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.