Ән • 22 Қыркүйек, 2025
Дүниені танудың тармағы көп, соның бірі – әуен арқылы әлемге үңілу. Хакім Абайдың ғаламшарына бұл жолы музыка кемесінің зерттеушілері келіп қонды. Француздың көрнекті композиторы Пьер Тиллуа «Абай арманы» атты шығарма жазып, ақын әлемінің көркемдік кеңістігіне бойлады. Саз бақшасы мен сөз патшасының үйлесімі «Қазақконцерт» сахнасында көрініс тапты.
Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025
Авторлық құқық жүйесі талқыланды
Қазір ақпарат айдынындағы мәтін, фотосурет, бейнематериалдар көз ілеспес жылдамдықпен жаһанға жайылады. Бұл жағдай журналистер мен редакциялардың алдына авторлық құқықты сақтау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан заңгер, PhD Рамазан Көкжал «Қазақ газеттері» серіктестігің шаңырағына келіп «Журналистикадағы авторлық құқық» тақырыбында БАҚ өкілдеріне дәріс оқыды.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2025
Ауғанстанда әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салынды
Ауғанстан билігі университеттерде әйелдер жазған кітаптарды пайдалануға ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы BBC өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Спортшыларымыз сегіз айда 912 медаль жеңіп алды
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында спортшыларымыз халықаралық ареналарда 912 медаль иеленді. Оның ішінде 351-і алтын, 270-і күміс, 291-і қола, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2025
Дәмханада әдепсіз әрекет жасаған қыз ұсталды
Алматы қаласында дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын полиция анықтады. Ол өз-өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 19 Қыркүйек, 2025
Кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталды
Алматы қаласында шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты ресми түрде ашылды. Жарыс 19–30 қыркүйек аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 19 Қыркүйек, 2025
Шейх Әл-иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті
Астанада VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз жұмысын аяқтады. Екі күнге созылған бұл маңызды халықаралық жиында әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни қайраткерлер, саясаткерлер мен сарапшылар бейбітшілік, толеранттылық, өзара құрмет және қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылады. Форумға қатысқан беделді тұлғалардың бірі - Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса. Ол съезд аясында қазіргі әлемдегі дін лидерлерінің жауапкершілігі мен бейбітшілікті ілгерілетудегі рөлі туралы өз пікірін білдірді.
Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025
Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 19 Қыркүйек, 2025
Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жобасы талқыланды
Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің, мердігер ұйымдардың және ЭКСЖ жеткізушілерінің 250 өкілі қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Қыркүйек, 2025
FIFA президенті Қазақстан футболшыларын құттықтады
ФИФА президенті Джанни Инфантино Instagram парақшасында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровты және барша қазақстандық жанкүйерлерді Талғар қаласында ашылған ФИФА-ның Talent Academy мәртебесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.