Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1322 материал табылды

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024

Бөріліден Орта Азияға дейін

Адамзаттық деңгейдегі ақыл-ой алыптары ұлт шекарасына сыймайды. Олар қара түннің шымылдығын дар айырып, шолпанды жыққан күн секілді арайын алысқа да, жақынға да шашады. Алақандай Бөріліде дүниеге келіп, Еуразия кеңістігінің ерен тұлғасына айналған жан – Мұхтар Әуезов.

Сұхбат • 27 Қыркүйек, 2024

Кеңшілік Тиышханұлы: Сенім сетінемеу керек

Қазір Абай мен Шәкәрімнің діни көзқарасы хақында сауал аз емес. Осы орайда белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тиышханұлымен бабаларымыздың діннің кейбір доктриналарына көзқарасы, дінаралық диалог, оның біріктірушілік қасиеті және дербес тұлғаның діни құндылықтарды қабылдау кезіндегі ұстанымы тақырыбында әңгіме өрбіттік.

Байқау • 24 Қыркүйек, 2024

Синкретті сайыс

Алматы облысында республикалық «SportArtFest» бай­қауының финалы өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйым­дастырылды.

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2024

Кітап мерекесі аталып өтті

Елорданың Ұлттық академиялық кітапха­насында «KitapTime – 2024» жалпы респуб­ликалық кітап фестивалі өтті. Оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жас­тарды ынта­ландыруды мақсат еткен жаназық жәр­меңкесі мемлекетіміздің көпшілік кітапха­наларының қолдауымен еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылды. Айта кетейік, игілікті жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің ыждағатымен биыл үшінші рет өткізіліп тұр.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024

«Сары тентек» сарыны

Тентектіктің теориясы жоқ. Жүре келе жұғатын емес, туа сала тұнатын бұл мінезді ақын қауымының арқалап жүретіні бар. Буырқанып, бұрсанған бойындағы бұла күш ақылдың арнасына түссе, қаламынан күркіреген жыр туады. Алайда ақын өлеңді ешкімге де соқтықпай, момын қалпында жазса да болады емес пе? Орыс ақыны Сергей Есенин бұған былай деп жауап береді: «Жасырмаймын, тентек болған шығармын, жарқынырақ жану үшін мен, бәлкім». Қазақтың да Есенин секілді ақ сары жүзді ақыны бар. Ол өзінің асаулығын былай деп түсіндіреді: «Пәтуалы ақсақалы аз елде, мен еріксіз «Сары тентек» атандым». Біздің бүгінгі әңгімеміз қазақтың «сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтов хақында болмақ.

Таным • 20 Қыркүйек, 2024

Cіз білесіз бе? Қағаз ақша қайдан шықты?

Қағаз ақша алғаш рет Қытайда XI ғасырда пайда болды. Олар VII ға­­сырда Таң әулеті кезінде сау­да­герлердің қол­хат­тарынан табылған.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024

Журналист жазбалары: Ұлытау сапары

«Қазіргі Ұлытау – ежелгі рухани самғаулар мен саяси шоғыр­лануға куә болған қа­шанғы қара орын», дейді халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы. Әңгіме­міз­­дің әлқиссасын заманымыздың заңғар қайраткерінің осы пайымдауымен бас­­та­ғанды жөн көріп отырмыз. Алаштың аға тауы, даланың ақ отауы саналған қастерлі қоныс, қасиетті мекен адамзат тарихымен астасып жат­қан тамырлы тарихымен қымбат. Ол – тұтас қазақ халқының табысқан төбе­сі, ұйысқан іргесі. Өткен күннің көкжиегіне көз тастап, көңіл аударсаң, бұл жерге қай қағанат, қай хандық тағзым етпеді дерсіз. Әне, арбаға мүйізді жыл­қы жеккен «күнбасты адамның» кірмембес ауыр қолынан басталған тарихи тізбек сақтардың салқам керуенімен жалғасып, хан Жошы­ның ұлы­сына ұласып жөңкіп барады. Ал артынан... Ұлытаудың мәртебелі биігіне мәңгіліктің туын қадаймын деп салтанаты жарасып­ келе жатқан тәуелсіз еліміздің көрінісі менмұндалайтындай. Осы орайда Мемлекет басшы­сының «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі ойға оралады. «Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін баға­лай білу – барша­мызға ортақ парыз. Сондықтан Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жас­тар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек», деген сөзі осы қасиетті мекенге жолға шығып, дала дидарын көзбен көріп, көңілмен түйсінуге бел буғызды.

Тағзым • 12 Қыркүйек, 2024

Қаламгер есімі ұлықталды

Астана қаласы күйші Дина көшесіндегі №8 үйдің қабырғасына белгілі журналист, жазушы Жылқыбай Жағыпарұлына ескерт­кіш тақта орнатылды. Өмірін өнегемен өрнектеп кеткен қо­ғам қайраткері бұл үйде өмірінің соңына дейін тұрған болатын.

Digital • 05 Қыркүйек, 2024

Қазақша жасанды интеллект қалыптастыру бастамасы

Кернеуі күннен-күнге күшейіп, өмірімізде өріс алып келе жат­қан ғылымның күрделі саласы­ның бірі – жасанды интеллект. Бұл – адамның ойлау үдері­сін компьютерлік жүйеде модель­дей­тін бағдарлама желісі. Елімізде енді ғана қолға алы­нып жатқан мәселе болғаны­мен, «жасанды интеллект» термині бағдарламашы Джон Маккартидің аузынан 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми кон­фе­ренциясында шығып үлгер­ген. Нәтижесінде, жасанды интел­лектіні игерген жасампаз мемле­кеттер даму реттілігінде алғаш­қы орындарға орнығып алды.

Кино • 03 Қыркүйек, 2024

«Бауырына салу» – дәстүрге құрмет

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орта­лығы» қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі халықаралық фестивальдарда топ жарып келеді. Жақында режиссер Асхат Кучинчерековтің фильмі Аустрия мен Санкт-Петербургте екі беделді марапатқа ие болды.