
Спорт • 25 Шілде, 2025
Украина Ресеймен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға дайын
Украина бейбіт келісімге келу үшін жаңа келіссөздер жүргізуді ұсынды. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский өзінің кешкі үндеуінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Қытайлық хакерлер Microsoft серверін бұзды
Microsoft корпорациясы Қытаймен байланысты киберқылмыскерлердің кейбір жергілікті SharePoint серверлерін бұзып, оларды пайдаланатын ұйымдардың деректеріне қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл шабуылдар бұлттық (cloud-based) SharePoint қызметіне емес, тек жергілікті серверлерге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 25 Шілде, 2025
Әзербайжанда «Дос-Мұқасан» фильмі таныстырылды
Бакуде Қазақ киносының бір айлық маусымы басталды. Салтанатты іс-шара «Дос-Мұқасан» музыкалық драмасымен ашылды. Режиссер Айдын Сахаманның фильмі елдің музыка өнеріне жаңа серпін берген, қазақ рокының негізін қалаушы танымал қазақстандық ансамбльге арналады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 25 Шілде, 2025
Жыл басынан бері 43 қару тәркіленген
Еліміздің көліктегі полиция қызметкерлері жыл басынан бері мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кескен. Бұл жөнінде Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 24 Шілде, 2025
Дорбамызды доллармен толтырсақ
Кейінгі аптада еліміздегі айырбастау пункттерінде доллар бағамы 540 теңгеден асып кетті. Бұл күтпеген өсім көпшілік көңілін алаңдатып отыр. Мұндай күрт құбылысқа не себеп болды? Долларды қазірден сатып алу керек пе, әлде күткен дұрыс па? Осы және өзге де доллар туралы долбарымызға экономист, қаржы сарапшысы Бекнұр Қисықов жауап берді.
Өндіріс • 24 Шілде, 2025
Солтүстік Қазақстанда бие сүтін өндіретін зауыт іске қосылады
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Кутузовка ауылында құрылысы аяқталуға жақын қалған жаңа зауыт тамыз айында іске қосылады. Бұл құрғақ бие сүтін өндіретін өңірдегі алғашқы өндіріс орны болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 24 Шілде, 2025
Жас математиктер әлемдік олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Еліміздің оқушылары Австралияда өтіп жатқан беделді халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2025 – International Mathematical Olympiad) жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Жалпыкомандалық есепте оқушыларымыз 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 24 Шілде, 2025
Ресей қазақстандық мұнай экспортына уақытша шектеу қойды
Қара теңіз арқылы қазақстандық мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийск портына жеткізіліп жүрген шикізат экспортын Ресей жағы уақытша тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Шілде, 2025
Чикунгунья вирусының індетке айналу қаупі бар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) чикунгунья вирусының індетке айналу қаупі жоғары екенін мәлімдеді. Аталған ауру маса шағуы арқылы таралады және қазіргі уақытта әлемнің 119 елінде 5,6 миллиардқа жуық адам қауіп аймағында өмір сүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 24 Шілде, 2025
Астаналық оқушының эссесі The New York Times басылымында жарияланды
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Фариза Фазыл беделді халықаралық шығармашылық байқауда үздіктер қатарынан көрінді. Ол The New York Times басылымы ұйымдастырған Open Letter Contest байқауында әлем бойынша үздік он қатысушының қатарына еніп, оның жазған ашық хаты аталған америкалық басылым бетінде жариялануға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.