
Әлем • 15 Шілде, 2025
92 жасында кезекті сайлауға түседі
Камерун президенті Поль Бийя биыл қазан айында өтетін президенттік сайлауға қатысатынын мәлім етті. Бұл туралы ол 13 маусым күні әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 92 жастағы мемлекет басшысы бұл шешімін «халықтың көптеген әрі табанды өтініштерімен» байланыстырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
11 жылда алғаш рет ІЖӨ-нің рекордтық өсуі тіркелді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланды. Алдын ала деректерге сәйкес, ЖІӨ өсімі 6,2%-ға жетіп, еліміздің экономикалық қарқыны сақталғанын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Шілде, 2025
Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы құрылыс саласының даму қарқыны қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұл салада тұрақты өсім байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 15 Шілде, 2025
Өткізу бекеттері толық жаңғыртылады
Бүгін Үкімет отырысында еліміздің шекара инфрақұрылымын жаңарту мәселесі қаралды. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, жыл соңына дейін Қазақстандағы халықаралық автомобиль өткізу пункттерінің 100%-ы жаңғыртылады, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 15 Шілде, 2025
Бүгін Үкімет отырысында қаржы саласындағы жүйелі өзгерістер мен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған жаңа бастамалар жария етілді. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржы заңнамасын жаңғыртуға арналған ауқымды реформалар топтамасы дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 15 Шілде, 2025
Жыл басынан бері теңге 1%-ға нығайды
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің айырбастау бағамына қатысты ахуалды баяндады. Жыл басынан бері ұлттық валюта 1 пайызға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 519,73 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Инвестиция мен экспорт – өсім өзегіне айналды
Бүгін Үкімет отырысында еліміздің экономикалық дамуына тікелей әсер ететін инвестиция тарту және сыртқы сауда айналымы мәселесі талқыланды. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан оң сауда балансын сақтап отыр, ал инвестиция көлемі стратегиялық салаларда елеулі өсім көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Шілде, 2025
Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменіне сәйкес Қарулы Күштерде кадрлық өзгеріс енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
Медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті енгізіледі
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту аясында медициналық көмектің бірыңғай базалық пакетін енгізуді көздейтін заң қабылданды. Бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы кепілдік берілген қызметтерді нақтылауға, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге және халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Шілде, 2025
Трамптың трамплині: Президент болмай тұрып кім еді?
Әркімнің шеке тамыры өзінше бүлкілдейді емес пе? АҚШ-тың қазіргі Президенті де бөлекше күркірейді. Әр үйде көрсететін реалити шоу секілді, Ақ үйде түрлі ойын көрсететін Дональд Трампқа саяси сарапшылар таңғалыспен қарайды. Әдеттегі басшылар секілді әдеппен сөйлемейді. Әріптесін әзілмен шаншып, азумен қақшып алады. Мертіктірер мергендер бұған да Кеннедидің кебін келтірмекші болып еді. Құлағына тиіп құламай қалды. Сөйте тұра анталап тұрған еліне қанталап тұрып өзіне дауыс беруге шақырды. Бұл не қылған «Өлмесхан» деп маңдайын уқалайды мамандар. Әрине, ешкімнің шешесінен көйлекшең тумағаны белгілі. Сондықтан біз Трамптың трамплинге шығу жолын шолып өтіп, президент болғанға дейінгі өмірін безбендеп көрдік.