Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
81 материал табылды

Мың бір мысал • 28 Наурыз, 2025

Жақсылық пен жамандықтың арасы

Жазушы Михаил Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» романының әлқиссасы «Фауст» шығармасының мына үзіндісінен басталады: «Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып, Көксегенім – жаманшылық, жасайтыным – жақсылық». Бұл гәп қара ниетіне қарамастан, «ізгіліктің» салтанат құруына ыждағатты болған зұлымдық бейнесіндегі Мефистофельге тиесілі.

Тұлға • 19 Наурыз, 2025

Ғибратты ғұмыр иесі

Әбдіқайым Ысқақ – тыл және еңбек ардагері, ғұмырын ұстаздық жолға арнаған білім саласының білікті маманы. Ол өз еңбегімен елдің өркендеуіне, өскелең ұрпақтың тәлім мен тәрбие алуына үлкен үлес қосты. Ыбырай, Ахмет сынды ұлт ұстаздарының ізімен ол – тұтас ғұмырын оқыту саласына арнаған жан. Сондай-ақ қайраткерлік жұмысты да азаматтық парызым деп білген ұлтының ұлы. Иә, бүгінде торқалы тоқсан жастың биігіне шығып отырған абыздың ғибратты ғұмыр жолы – адалдық пен еңбекқорлықтың, шынайы ұстаздық болмыстың жарқын үлгісі.

Құрылтай • 14 Наурыз, 2025

Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті

Президент Көкше төріндегі құрылтайда осыдан үш жыл бұрын наурыз айында жариялаған Жолдауына сай жүргізілген қоғамдық-саяси реформаларға тоқталып, ел ішіндегі оң өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мың бір мысал • 13 Наурыз, 2025

Мәңгілік шындық

Шындықтың басты категориясы – тұрақтылық. Оны уақыттың не мекеннің өлшеміне сыйғызу мүмкін емес. Себебі уақыт та, мекен де тұрлаусыз ұғымдар. Бұдан жүз жыл бұрынғы таным-түсініктің қазіргі сәтте өзекті болмай қалып жататыны сондықтан. Шәкәрім қажы бұларды ысырып тастап, яғни бұрынғы шынды, бүгінгі шынды, ертеңгі шынды қабыл алмай, ешқашан бұзылмайтын, өзгермейтін «шынды» көксейді. Ал енді ойланып көрейік, бұл қандай «шын» болуы мүмкін?

Абай • 12 Наурыз, 2025

Абай мұрасы жаңаша зерделенді

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай академиясының» 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі беріліп, болашақ бағдары таныстырылды. Сондай-ақ «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлының мұрасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» жобасы негізінде жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті.

Руханият • 11 Наурыз, 2025

Мәңгілік шындық

Шындықтың басты категориясы – тұрақтылық. Оны уақыттың не мекеннің өлшеміне сыйғызу мүмкін емес. Себебі уақыт та, мекен де тұрлаусыз ұғымдар. Бұдан жүз жыл бұрынғы таным-түсініктің қазіргі сәтте өзекті болмай қалып жататыны сондықтан. Шәкәрім қажы бұларды ысырып тастап, яғни бұрынғы шынды, бүгінгі шынды, ертеңгі шынды қабыл алмай, ешқшан бұзылмайтын, өзгермейтін «шынды» көксейді. Ал енді ойланып көрейік, бұл қандай «шын» болуы мүмкін?

Өнер • 06 Наурыз, 2025

Бүгін әйгілі суретші Мике­ланд­жело дүниеге келген күн

Италиялық суретші-мүсінші, математик, инженер, ақын Мике­ланд­жело Буонарроти 1475 жыл­дың 6 наурызында Флоренция қаласында дүниеге келген.

Мереке • 01 Наурыз, 2025

Алтын алма, алғыс ал

Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.

Суицид • 28 Ақпан, 2025

Суицид «эстетикасы» немесе шығармашылық адамдардың жасырын үгіті

Өнер – өмірдің көркемдік кеңістіктегі көшірмесі. Ал шығармашылық адамдардың қадым заманғы қасіреті – шынайы өмірді өнермен шатастырып алу. Мәселен, Анна Каренинаның пойыздың астына түсіп өлуі  оқырман жанын астаң-кестең қылады. Бірақ сонысымен ол сіз бен бізге эстетикалық ләззат сыйлап отыр. Міне, мұнда шығарманың көркемдік деңгейін көтеріп тұрған осы – Аннаның ажалы. Сол секілді кейбір ақын-жазушылар оқырмандарын туындысымен ғана емес, өмірімен де таңғалдырғысы келеді. Яғни оның өмірі қандай сұлу болса, өлімі де сондай ерекше болу керек. Осы себепті көптеген қаламгер өз-өзіне қол жұмсап, өмірін көркем шығармадағыдай ең қызықты шағында үзіп кете берді.

Әлем • 12 Ақпан, 2025

Америка ғалымдары Трамптан неге қауіптенеді

АҚШ-тың 47-ші президентінің бірқатар жарлықтарының «дүдамалдығы» себепті  ғылыми зерттеулерге гранттық бағдарламалармен  қолдау көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы британиялық «Nature» ғылыми журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.