
Руханият • 21 Сәуір, 2025
Ғұмырының соңғы бел-белесінде Абайдың ішкі әлемінде үлкен рухани реставрация жүреді. Қоғамды түзетпек болған хәкім ендігі жерде өзімен айналысуды құп көреді. Осылайша әлемді жөнге салу адамның өзін жөнге салуынан басталатынын іс жүзінде сезінеді. Ақыры «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма» деп, оның көзін ашуға барын салады.
Ғалам ғажаптары • 15 Сәуір, 2025
Жүрек ауруын 7 секундта анықтайтын қосымша
Медицина мен технологияның тоғысқан тұсында жаңа буынның батыл қадамы ерекше көзге түсіп келеді. АҚШ-тың Даллас қаласында тұратын Сиддарт Нандьяла есімді жасөспірім – соның айқын дәлелі. «The Global Indian» сайтының мәліметінше, жасы небәрі он төртте болса да, Нандьяла жүрек ауруларын ерте анықтайтын «Circadian AI» атты мобильді қосымша жасап шығарған.
Руханият • 15 Сәуір, 2025
15 сәуір – елімізде Ұлттық ғашықтар күні атап өтіледі. Рас, ғашықтық – жан қуаты. Ол – жүрек қазынасын ашатын жалғыз кілт. Мұндай баққа қол жеткізген жандардың өмірі нұрлы, көңілі гүлді болмақ. Күллі дүние олардың шұғыласына шомылады. Қисапсыз қатыгездікті әзер көтеріп тұрған қара жер осындай пәруана көңіл, пәруаза пейіл ғашықтардың құрметіне бола аман тұрғандай. Халқымыздың Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібек секілді сезім сәруарларын алғаусыз ардақтап келе жатқаны сондықтан.
Балалар • 15 Сәуір, 2025
Балалар көп қолданған қосымша белгілі болды
«Kaspersky зертханасының» сарапшылары 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда балалар ең көп уақыт арнаған сервистерді талдап, кең таралған киберқауіптер туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 07 Сәуір, 2025
Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл толды
Тұп-тура 154 жыл бұрын Ақмола уезі, Қараөткел ауылында ұлтымыздың ұлық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 03 Сәуір, 2025
Жазушы Михаил Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» романының әлқиссасы «Фауст» шығармасының мына үзіндісінен басталады: «Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып, Көксегенім – жаманшылық, жасайтыным – жақсылық». Бұл гәп қара ниетіне қарамастан, «ізгіліктің» салтанат құруына ыждағатты болған зұлымдық бейнесіндегі Мефистофельге тиесілі.
Мың бір мысал • 31 Наурыз, 2025
Ертегіні ересектер де оқыса ғой
Копенгагендегі Король бағында ерен ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің ежелгі ескерткіші тұр. Олай дейтін себебіміз тас мүсін Андерсеннің көзі тірісінде салынған. Алайда ескерткіштің алғашқы нұсқасы оның көңілінен мүлде шықпаған. Жобаның сызбасында қаламгердің тізесіне отырып ертегі тыңдаған бала бейнеленген көрінеді.
Білім • 31 Наурыз, 2025
Ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив өтіп жатыр
Астанада ауылдық тірек мектептері мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты алғашқы республикалық интенсив басталды. Іс-шараны Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мың бір мысал • 28 Наурыз, 2025
Жақсылық пен жамандықтың арасы
Жазушы Михаил Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» романының әлқиссасы «Фауст» шығармасының мына үзіндісінен басталады: «Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып, Көксегенім – жаманшылық, жасайтыным – жақсылық». Бұл гәп қара ниетіне қарамастан, «ізгіліктің» салтанат құруына ыждағатты болған зұлымдық бейнесіндегі Мефистофельге тиесілі.
Тұлға • 19 Наурыз, 2025
Әбдіқайым Ысқақ – тыл және еңбек ардагері, ғұмырын ұстаздық жолға арнаған білім саласының білікті маманы. Ол өз еңбегімен елдің өркендеуіне, өскелең ұрпақтың тәлім мен тәрбие алуына үлкен үлес қосты. Ыбырай, Ахмет сынды ұлт ұстаздарының ізімен ол – тұтас ғұмырын оқыту саласына арнаған жан. Сондай-ақ қайраткерлік жұмысты да азаматтық парызым деп білген ұлтының ұлы. Иә, бүгінде торқалы тоқсан жастың биігіне шығып отырған абыздың ғибратты ғұмыр жолы – адалдық пен еңбекқорлықтың, шынайы ұстаздық болмыстың жарқын үлгісі.