Дін • 02 Наурыз, 2026
Аида Балаева: Зайырлы мемлекет – дінді жоққа шығарады деген сөз емес
Жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер қоғамда кең талқыланып жатыр. Әсіресе мемлекеттің зайырлы сипатын айқындай түсетін нормалар көптің назарын аударды. Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, жаңа Конституциялық түзетулердің мәні мен маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады
Ұлыбритания, Германия және Франция билігі Иран Таяу Шығыстағы одақтастарына бағытталған «таңдамай жасалатын және шамадан тыс» шабуылдарын тоқтатпаса, әскери күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді. Үш елдің бірлескен мәлімдемесін Германия үкіметінің баспасөз қызметі таратты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері туралы хабар тараған соң, әлемдік мұнай бағасы бірден қымбаттады. Соңғы сегіз айда алғаш рет мұнайдың бағасы бір барреліне 80 доллардан асты. Бұған себеп – мұнай жеткізілмей қалуы мүмкін деген қауіп. Ең үлкен алаңдаушылық Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазына қатысты. Бұл – әлемге тасымалданатын мұнайдың қомақты бөлігі өтетін маңызды жол. Егер осы бұғаз жабылса немесе қозғалыс қиындаса, мұнай азайып, баға одан әрі өсуі мүмкін деген қауіп бар, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?
Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.
Әдебиет • 26 Ақпан, 2026
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Ақиқат – бәріне бірдей жағатын нәрсе емес. Сондықтан оны тұспалдап өнер арқылы жеткізіп отырған. Әдебиет әлімдері мұны «Эзоптың тілі» деп айдарлаған. Қазақтың қара тілімен айтсақ, астарлап айту. Көне Грекияда өмір кешкен әлгі Эзоп адамдардың мінез кеселдерін хайуанаттардың харекеттері арқылы әжуалаған. Неге тіке айтпаған? Айта алмайды. Шүнки, ол – құл, оның үстіне тілі – мүкіс. Сондықтан айтатын сөзін алыстан орағытып, мысалмен жеткізеді. Кейде осындай «кедергілер» өнерді өткірлей түседі, жаңа форма іздеуге мәжбүрлейді. Тура айтылған шындық тез тозады, ал астармен айтылған ой уақытпен бірге жүріп, әр дәуірде қайта пайымдалады. Эзоп мысалдарының өміршең болатыны сондықтан. Ондағы аң мен құс сол замандағы адамдардың ғана емес, сіз бен біздің қазіргі бет-бейнемізді де дәл танытады. Алайда сатираның осынау жауынгер жанры бүгінгі әдебиетте лайықты көрініс таппай жүр.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды көздейтін саясат аясында Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, ең көп сұранысқа ие қызметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Нәтижесінде азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас біртіндеп қашықтан, ыңғайлы әрі ашық форматқа ауысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 26 Ақпан, 2026
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Бұқар жыраудың «Тілек» толғауында намаз құлшылығына ерекше маңыз беріледі. Бес намаздың біреуі де қаза болмауы – көмекей әулиенің бесінші тілегі. Мұқым мұсылман міллеті бұл құлшылықты құдайдың бес парызының бірі деп есептейді. Бірақ ел ішіндегі кей азаматтар, көпшілігі деструктивті бағыттағы діни топ өкілдері намаз оқымаған адамның ешбір құлшылығы қабыл емес деп оспадар ой таратады. Қарапайым халықтың көңіліне күдік түспесін деп, мүфтияттың пәтуа бөлімінің пікірін білдік, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Ақпан, 2026
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында күн ерте жылынып, ауа температурасы +30 градусқа дейін көтерілді. Биыл көктем әдеттегіден ерте келіп, өңірдегі жеміс ағаштары мезгілінен бұрын гүлдей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
2 наурыздан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана бөлу және жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру тәртібі өзгереді. Осы күннен бастап «Отбасы банк» пәтерлерді тек деректерді міндетті түрде түгендеуден өткен азаматтарға ғана ұсынбақ, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 24 Ақпан, 2026
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Алматыда өткен Тау курорттары Еуразиялық альянсының III фестивалі аясында Almaty Superski тау-шаңғы курортының жобасы таныстырылды. Ірі туристік бастама Алматы өңірінде тау туризмін жүйелі дамытуға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.