Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
316 материал табылды

Саясат • 07 Ақпан, 2025

Саяси ойлауды жаңарту бағытындағы реформалар

Президент жанындағы Қазақстан­ның стратегиялық зерттеулер институты КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптама алаңында «Қ.К.Тоқаевтың 3 жыл­­­дық саяси реформаларының нә­­ти­желері» атты «отырыс өт­ті. Жиын барысында іс-шараға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері елімізде кейінгі үш жылда жүзеге асырыл­ған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, оларды мемлекеттік басқаруды, құқық­тық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады.

Үкімет • 06 Ақпан, 2025

Еларалық келісім тауар айналымын арттырады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде еліміздегі экологиялық ахуал, азаматтық қорғаныс саласындағы түйткілдер қаралып, кейбір халықаралық келісімдер ратификацияланды. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Әлем • 05 Ақпан, 2025

Трамптың көші-қон саясаты

АҚШ-тың Ақүйіне қайта келген президент Дональд Трамп елдегі бір­қатар заңды дереу өзгертіп, тіпті Байденнің билігі тұсында заңнамаға енгізілген біраз норманың күшін жойып та жіберді. Әсіресе елдегі көші-қон саясатындағы «былыққа» шүйліккен Трамп командасы заңсыз жүрген мигранттарды күнделікті депортациялауды қолға алды.

Үкімет • 28 Қаңтар, 2025

МӘМС қызметі сын көтермейді

Мәжілісте палата спикерінің орынбасары Дания Еспаеваның төрағалығымен Үкімет сағаты өтіп, онда Міндетті әлеумет­тік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетіл­діру мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша Денсау­лық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.

Үкімет • 23 Қаңтар, 2025

Отандық өндірісті дамыту мүмкіндігі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, оның күн тәртібінде экологиялық мәселелер, кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер қаралып, Қазақстан мен АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық одақтастық қатынастарды реттейтін шарттарды ратификациялауды қамтамасыз ететін заң жобалары қаралды. Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Әлем • 22 Қаңтар, 2025

Беларусь халқы көшбасшысын таңдайды

Осы жексенбіде, 26 қаңтарда Беларусь Республикасында кезекті президент сайлауы өтеді. Елдің басты саяси науқанына дәл қазір президенттіктен 5 үміткер қатысып жатыр. Олардың қатарында қазіргі президент Александр Лукашенко да бар. Саяси тартыстың сын сағаты таяған сайын үміткерлердің де бағы мен бабы белгілі бола бастағандай. Әзірге А.Лукашенко өзге кандидаттардан алда келе жатыр.

Заң мен Тәртіп • 21 Қаңтар, 2025

Ауыр қылмыс жасағандар жеткізілді

Еліміздің бас прокуратурасы адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Беларусь жерінде жасырынып жүрген тағы бір отандасымыз елге экстрадицияланды. Ол алаяқтық ірі көлемдегі ісі бойынша күдікке ілінген.

Сұхбат • 17 Қаңтар, 2025

Нұржан НҰРЖІГІТОВ, Су ресурстары және ирригация министрі: «Көлеңкелі» нарықпен күресті күшейту маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің стратегиялық дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сол себепті де қоғамда патриотизмді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең маңызды мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресуді қатаң тапсырып, онымен күрес қызметінің барлық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстарын күшейтті. Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен сұхбат құрып, саладағы заңнамалық жаңашылдықтар турасында әңгіме өрбіттік.

Құрылыс • 17 Қаңтар, 2025

Инновациядан көшбасшылыққа: Қазақстандағы құрылыс қызметтері нарығы қалай өзгеруде

Бүгінде құрылыс қызметтері нарығы тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қаныққан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 68 пайызды құраса, импорттық тауарлардың үлесі бар-жоғы 32 пайыз болды.

Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2025

Тәртіпті өзіңнен баста!

Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қордай ауданында «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің қатысуымен өткен іс-шарада заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жастардың құқықтық сауатын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар, отансүйгіштік пен азаматтық борыш турасында келелі ойлар мен кесімді ұсыныстар айтылды.

Яндекс.Метрика