
Жоба • 20 Тамыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» студенттердің сауатын арттырады
Тараз қаласындағы Техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру аясында облыс орталығындағы колледждер педагогтеріне арналған 3 күндік оқыту семинары ұйымдастырылды. Колледж студенттерінің қаржылық сауатын арттыру мақсатында қолға алынған бұл іс-шарада облыстың 72 педагогі білімін толықтырды.
Сұхбат • 17 Тамыз, 2024
Кез келген елдің әскери айбыны шекарасынан-ақ сезіліп тұруы керек. Шекарадағы қырағылық – қоңсы жатқан елге қабақ шыту емес, мемлекеттік тұтастықтың, ұлттық қауіпсіздіктің қамы. Сондықтан шекара шебінің берік болуы – аса маңызды әрі жауапты міндет. Ал бұл міндетті абыроймен, сақтықпен, асқан жауапкершілікпен атқару – шекарашылардың мойнындағы үлкен парыз.Осыдан 32 жыл бұрын, 18 тамыз күні Президент Жарлығымен Шекара әскерлері құрылды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан АЛДАЖҰМАНОВПЕН сұхбаттасып, шекарамызды қорғау міндетінің қазіргі жай-күйі жайында әңгімелестік.
Құқық • 14 Тамыз, 2024
Адам құқы қоғамнан оқшау ортада да қорғалады
Қандай жағдай болсын адам құқы мен бостандығы аяққа тапталмауға тиіс. Қылмыскер ретінде жазасын өтеп жатқан күннің өзінде заң аясында кез келген азаматтың құқы қорғалуы керек. Өйткені біз заң қағидатымен жүретін, тәртіпке бағынатын құқықтық мемлекетпіз. Бұл ретте еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің атқарып отырған жұмысы аз емес екенін айта кеткен жөн.
Қоғам • 10 Тамыз, 2024
Өңірдің өзекті мәселелері қаралды
Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі алдында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сыртқы істер саласының басшылары қатысты.
Саясат • 03 Тамыз, 2024
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Саясат • 02 Тамыз, 2024
Қазақстан-Еуроодақ қарым-қатынасы жанданып келеді
Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель елімізге ресми сапары аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөз жүргізді.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Жаһандық жылыну жайылымдарды тоздырып барады
Жуырда еліміздегі жайылымдардың 87 пайызының сапасы нашар жағдайда деген мониторинг қорытындысы шықты. Әсілінде «Қазақстандағы жайылымдардың жағдайы неге нашарлап барады?» деген сұрақ бізді ғана емес, кей елдерді де алаңдатып отырғаны белгілі. Өйткені біздің ел сыртқа қазба байлықтармен қатар астық, көкөніс, ет өнімдері сынды ауылшаруашылық тауарларын да экспорттайды.
Үкімет • 31 Шілде, 2024
Үкіметте мопед мәселесі қаралды
Кешегі Үкімет отырысы еліміздегі жол қауіпсіздігі мәселелерін талқылаудан басталды. Аталған проблема күн тәртібінде алдын ала жоспарланған ба, жоқ па – ол жағын нақтылап жатпадық. Бірақ осы жиынның алғашқы мәселесінде қаралған жолдағы қауіпсіздік, мопедтер төңірегіндегі түйткілдер «Egemen Qazaqstan» газетінің кешегі санының бірінші бетінен жарық көрген еді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жиында еліміздің бас басылымының бетінен мопедтерге қатысты жантүршігерлік деректерді оқығанын атап өтті.
Қоғам • 30 Шілде, 2024
Мопед мәселесі уайымға айналды
Бүгінде елімізде балалардың жолдағы қауіпсіздігі өте өзекті мәселе болып тұр. Себебі жолда жүру ережелерінің сақталмауынан, көлік жүргізу мәдениеті, құқықтық сауаттың әлсіздігінен ел көлемінде қаншама жол-көлік оқиғалары тіркеліп жатыр. Соның салдарынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мыңнан астамы түрлі жарақат алады екен. Ал соңғы кездері ЖКО қатарына мопедтер мен самокаттардың қатысуымен болатын жол апаттары келіп қосылды. Осының өзі-ақ мемлекет пен әр отбасы үшін орны толмас шығын, ауыр қайғы әкеліп жатқаны өзекті өртеп тұр.
Әлем • 24 Шілде, 2024
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деп қазақ қалай тауып айтқан. Америкадағы сайлауалды үгіт-насихаттың дәл қазіргі дүбірі осы мақалға келіп-ақ тұр. Күтпеген жерден президент Джо Байден саяси бәйгеден бас тартып, қарашаның қара күзінде болатын президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Ал оның басты оппоненті Дональд Трамптың осы жарыста оза шабу мүмкіндігі одан әрі арта түсті. АҚШ-тағы президенттік сайлауалды науқан басталғалы Байден мен Трамптың текетіресін ақпараттық азық қылып келген басылымдар, саяси сарапшылар біраз күннен бері Ақ үй жаққа назарын барынша бұра бастады.