
Тұлға • 04 Маусым, 2025
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы тұңғыш рәмізтанушы, белгілі ақын, «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, публицист, қоғам қайраткері Ербол Шаймерденұлы мемлекетіміздің дамып, гүлденуі жолында тыным таппай еңбек еткен, мемлекеттік рәміздеріміздің дүниеге келіп, қабылдануының басы-қасында болған атпал азамат еді. Ербол Шаймерденұлы елдік таңбамыз бен көк байрағымыздың мемлекеттік рәміз ретінде қабылданып жатқан тұста комиссия мүшесі болды. Ол одан кейін де тыным таппай, рәміздерді түгел зерттеп, сол бағытта кітап жазып, отандық рәмізтанудың алғашқы ізін салды.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Шерхан Мұртаза аудиториясы ашылды
Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аса көрнекті журналист, Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның аудиториясы ашылды. Салтанатты рәсімге Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің журналистика саласының ардагерлері, белгілі ақын-жазушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
Саясат • 31 Мамыр, 2025
«Орталық Азия – Италия»: Орнықты дамудың оңды форматы
Кеше Астана қаласында бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланған тұңғыш саммит қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылданды.
Үкімет • 29 Мамыр, 2025
Мәжбүрлі неке заңмен жазаланады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында комитеттер бірқатар ратификациялық жобаны жұмысқа қабылдады. Және де елімізде эндаумент-қорлар туралы жеке заң пайда болмақ. Сондай-ақ тиісті заңдарға жеке академияларға өз атауларына «ұлттық» сөзін тіркеуге тыйым салатын нормалар қабылданып, жергілікті полиция қызметінің таратылатыны да белгілі болды.
Партия • 27 Мамыр, 2025
«Ауыл» партиясының ширекғасырлық белесі
Астанадағы «ЭКСПО» халықаралық орталығында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай, «Ауыл» партиясы: 25 жыл белесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында еліміздегі саяси реформалық өзгерістер тұрғысынан партияның тарихи тәжірибесі зерделеніп, қазіргі кезеңдегі жаңару және қайта жаңғыру үдерістеріне баға берілді, болашақтағы бағдары сараланды.
Суицид • 27 Мамыр, 2025
«Вертер әсері»: суицидке медиа себеп пе?
Бала кезімізде кейбір қазалы үйге көңіл айта барған үлкендерден марқұмды «жұмбақ жағдайда» қайтыс болыпты деп қана естуші едік. Яғни ел ішінде өзіне қол салған кісі өлімін қашанда жасыруға тырысады. Сондай «жұмбақ» өлімдердің кейбірінің нақты себебін бертінде ғана ес кіргенде білдік. Қазақ екінші жағынан «Ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» деп те аурудың алдын алуға асқан сақтықпен қараған. Бүгінде суицидті жасыру былай тұрсын, ол мемлекеттік деңгейде ашық талқыланып, оны болдырмаудың сан түрлі жолы қарастырылып келеді. Себебі бұл кеселді, әсіресе жастарды төңіректеп алған осы ауруды ауыздықтау мүмкін болмай бара жатыр.
Туризм • 22 Мамыр, 2025
Іскерлік туризм: Еліміз Еуропаның топ-35 қатарында
Былтыр еліміздегі халықаралық қауымдастықтардың іскерлік іс-шаралар сегментіндегі қызмет экспортының жалпы көлемі 4,6 млн долларды құрады. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) жаңа жаһандық рейтингіне сәйкес еліміз халықаралық MICE іс-шараларына қатысуы жағынан кезекті рет Орталық Азиядағы көшбасшы атанып, Еуропаның топ-35 елінің қатарына енді.
Үкімет • 22 Мамыр, 2025
Медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілмек
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Атап айтсақ, дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны, Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібінде инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау мәселелерін қарастыратын заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
Әскер • 07 Мамыр, 2025
Жеңістің 80 жылдығы құрметіне Астана қаласында дәл бүгін – Отан қорғаушы күнінде үлкен ауқымдағы парад ұйымдастырылатыны күн ілгері белгілі болған. Әскери шерудің дайындық барысын тамашалап қайтқан тілшіміз бұл салтанатты іс-шарада Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің рәміздерінің біріне айналып, жұлдызы болып жарқыраған «Т-34» танкісінен бастап, бүгінгі заманауи әскери дрондардың да сап түзейтінін біліп қайтқан-ды.
Өшпес даңқ • 03 Мамыр, 2025
«Батырларға тағзым» порталы күн сайын толығып келеді
Елімізде «Батырларға тағзым» порталы іске қосылған алғашқы күндері-ақ өңірлердің белсенділігі байқалды. Дегенмен ақпараттар әр өңірден әркелкі келді. Порталға келген анкеталардың саны күн сайын артып келеді. Мәселен, алғашқы айда Қарағанды облысы мен Алматы қаласы тұрғындары белсенділік танытқан. Бұл өңірлер – соғысқа қатысқан отандастарымыздың ең көп шоғырланған аймақтарының бірі.