Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
127 материал табылды

Экономика • 15 Маусым, 2024

Тоғыз жолды тоғыстырған кезең

Біздің ел құрлықтан мұхит­қа шығар төте жолы болмаған­дықтан, сыртқы елдермен арғы-бергі алыс-беріске, сауда-сат­тық қатынасқа қара жол мен әуе және темір жол тасымалын пайдаланады. Еуразияның жүрегін­дегі ұлан-ғайыр даламыз кезінде Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы жібек жолының қай тармағына болса да жайлы әрі тиім­ді болған. Бүгінде эко­номикаға иек арт­қан еліміз кейінгі жылдары транспорт және логистика саласында да айтарлықтай жетістікке жетіп келеді. Әсіресе Ресей санкцияның қыспағына қалғалы солтүстік көршіден шығатын да, ол елге жеткізілетін де тауарлардың дені Ұлы дала арқылы кіріп-шығып жатыр.

Құқық • 14 Маусым, 2024

Әлемге танылған соттар тәжірибесі

«Астана» халықаралық қаржы орталығында осы орталық Сотының төрағасы Мэлдон лорд Бернетт пен АХҚО Халық­ара­лық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель­дің қатысуымен пікірталас сессиясы өтті. Кездесуге АХҚО сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт модераторлық етті.

Үкімет • 13 Маусым, 2024

Тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігі артады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен палата­ның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде негізінен әлеумет­тік, құқықтық мәселелерді қарас­тырған заң жобалары тал­қы­ланды. Сондай-ақ бірқатар ха­лықаралық келісімді ратифика­ция­лауға бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды.

Отбасы • 12 Маусым, 2024

Отбасы қауіпсіздігі – ортақ мәселе

Мемлекетіміздің басты байлығы, қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата заңымызда анық жазылған. Сондықтан құқықтық мемлекетте адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруге, қорлауға, ұрып-соғуға, қысым көрсетуге жол жоқ. Президент ана мен бала құқығын қорғауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықты реттейтін жаңа заңға қол қойғанына да көп уақыт өте қойған жоқ.

Қоғам • 12 Маусым, 2024

V Халықаралық жастар театры фестивалі мәресіне жетті

Алматыда Достастық елдеріне кіретін тоғыз мемлекет кәсіби мамандар мен мәртебелі көрерменнің талқысына өз театрларының жас режиссерлерінің туындыларын ұсынды. Қазылар алқасы үміткерлердің ішінен үздіктерін анықтаса, ауқымды мәдени іс-шараға қатысушылар уақытты текке кетірмей, жұмысын барынша көрсетіп қалуға әрі өздеріне керекті рухани азық алып кетуге тырысып бақты.

Саясат • 11 Маусым, 2024

Қазақ-корей байланысының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің елімізге мемлекеттік сапары өтеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөзі және қазақ-корей бизнес-форумы жоспарланған. Сонымен қатар келіссөз аясында екі елдің ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы құжаттарға қол қойылады.

Қоғам • 07 Маусым, 2024

Елге оралған қандастар

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этностық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алыпты. Ал жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этностық қазақ оралған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 07 Маусым, 2024

Ізгі ниет елшілері

Сыртқы істер ми­нистр­лігінде Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қаты­суымен «Қазақстан­ның Ізгі ниет елшілері» жобасын іске асыруға арналған ресми рәсім өтті. Бұл жобаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Үкімет • 06 Маусым, 2024

Бюджетті жоспарлауда нақтылық маңызды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Атап айтсақ, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру, Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды.

Тағзым • 01 Маусым, 2024

Ұлт тұлғалары рухына тағзым етті

Астана қаласы Байқо­ңыр ауданы әкімдігі­нің ұйытқы болуымен Сая­си қуғын-сүргін және ашар­шылық құрбандарын еске алу күніне орай аудан аумағындағы Қараөткел қорымындағы Хан Кене сарбаздары мен «Egemen Qazaqstan»-ның баста­уында тұрған редак­тор­дың бірі Смағұл Сәдуақас­ұлы жерленген қорымға зия­рат етіліп, жазықсыз жапа шеккендер рухына Құран бағыш­талды.