Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
298 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 29 Тамыз, 2025

Халықаралық жүргізуші куәлігінің жай-жапсары

Жуырда Ішкі істер министрлігі елімізде халықаралық жүргізуші куәліктерінің берілмейтінін мәлімдеп, мұндай құжатты беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жататынын хабарлады. Бірақ бұл мәселе бойынша отандастарымыздың сұрағы көбейіп кеткен сияқты.

Ата заң • 27 Тамыз, 2025

Конституциялық өзгерістер талқыланды

«Қазмедиа» орталығында «Ауыл» партиясы мен Парламентаризм институтының ұйытқы болуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: мемлекетшілдікті нығайтудың және құқық үстемдігінің 30 жылы» тақырыбында халықаралық сарапшылық кездесу өткізілді.

Форум • 22 Тамыз, 2025

Алғаусыз достықтың алтын көпірі: Еларалық жастар мәдени форумы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2025

Тұрғындардың талап-тілегі ескеріледі

Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс орын­дарының қазіргі жағдайымен танысты. Жетісу облысы құрылғалы Алакөл ауданына 4,8 млн-нан аса турист келген.

Саясат • 19 Тамыз, 2025

Парламентаралық байыпты байланыс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты.

Қаржы • 15 Тамыз, 2025

Қайтарылған жер телімі 217 млн теңгеге сатылды

E-Qazyna электронды сауда платформасында қайтарылған активтердің бірі – Алматы облысындағы жер телімін сату бойынша өткен аукциондық сауда сәтімен аяқталды. Кезінде жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен жер телімінің лоты 217 млн теңгеге сатылды.

Әлем • 14 Тамыз, 2025

Зангезур дәлізі геосаяси дауға нүкте қоя ала ма?

Өткен аптаның соңында әлем назары АҚШ-қа ауды. Ақүйде Президент Дональд Трамптың араағайындығымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт келісімге қол қойды. Осы келісім арқылы қос елдің арасындағы территория дауын шешудің қағидаттары бекітілді.

Саясат • 12 Тамыз, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жасанды интеллектіні дамыту бағытында нақты іске көшу қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Энергетика • 08 Тамыз, 2025

Көмір Қазақстанда алдағы жылдары энергияның негізгі көзі болып қала береді — сараптамалық есеп

Көмір Қазақстанда жақын болашақта да негізгі отын және энергия көзі ретінде өз орнын сақтап қалмақ. Бұл туралы «Каспий» тауар биржасы» АҚ таратқан аналитикалық есепте айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 07 Тамыз, 2025

Мемлекетке қайтарылған 5 жер учаскесі аукционға қойылды

Заңсыз активтерді қайтару, оны халық игілігіне беру және қайта сату арқылы түскен қаржыны мемлекеттік мүддеге жарату ісі жалғасын тауып келеді. Жуырда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру арқылы электрондық аукцион өткізілетінін хабарлады.