
Басылым • 14 Сәуір, 2024
Басқа басылымдардан: Ең ауыр табиғи апат
Қазақстанда жексенбіде Төтенше жағдайлар министрлігі 12 мыңға жуық адам уақытша баспанаға орналастырылғанын хабарлады. Сонымен қатар құтқарушылар 60 мыңға жуық үй жануарын қауіпсіз аймаққа жеткізді.
Құқық • 12 Сәуір, 2024
Терроризмге қарсы күресте ортақ коалиция керек
Биыл 22 наурыз күнгі Мәскеу кешінің тыныштығын бұзған «Крокус Сити Холл» ойын-сауық орталығындағы қанды теракт әлемде біраз елдің қауіпсіздік қызметін ұйқысынан оятқандай болды. Халқының амандығын қамтамасыз ету мақсатында көптеген мемлекет басшылары күн құрғатпай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізіп, етек-жеңін жинауға кірісіп кетті. Әсіресе Ресеймен көршілес елдер, оның ішінде Қазақстан билігі де қарап қалмады. Лаңкестердің Тәжікстан азаматы екені белгілі болғаннан кейін Орталық Азия елдері қауіпсіздік шараларын тіпті күшейте түсті.
Саясат • 04 Сәуір, 2024
Қауіпсіздік мәселесі талқыланған жиын
Астанада Қазақстан тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он тоғызыншы кездесуі өтті.
Пікір • 01 Сәуір, 2024
Сыршыл ақын Исраил Сапарбай ұлт болмысы мен мінезі туралы аз өлең жазған жоқ. Солардың ішінде «Мінез» атты мына өлең жолдарының ар жағынан жарқ еткен жасын мінездің жаңғырығы естіледі.
Саясат • 01 Сәуір, 2024
Қазақ-Қытай қатынасының жаңа белесі
Өткен аптадағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары әлем саясаткерлерінің назарын аударды. Өйткені Қазақстан Президенті шығыстағы алпауыт көршіміздің аумағында бірқатар маңызды кездесу өткізді.
Үкімет • 28 Наурыз, 2024
Экономикалық ықпалдастық артады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде еліміздің сыртқы саясаты, экономикалық интеграция және өзге де маңызды мәселелерге қатысты заң жобалары қаралды.
Басылым • 27 Наурыз, 2024
Басқа басылымдардан: Мұнай өндіру болжамы өзгермейді
Қазақстан билігі ОПЕК+ келісімі бойынша өндіруді қысқарту жөніндегі міндеттемелеріне байланысты биылға мұнай өндіру болжамын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Әлем • 20 Наурыз, 2024
Зілзалада пана болған киіз үй: Түркияға деген риясыз пейілімізді көрсетті
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Былтыр Түркия жерінде болған алапат зілзаладан кейін отандастарымыз қаржы жинап, бауырлас елге мыңдаған киіз үй жөнелтіп, ынтымағын танытқан еді. Жер сілкінісі салдарынан үйсіз-күйсіз далада қалған түрік бауырлар сол киіз үйдің қызығын көрудей-ақ көріп, атажұрттағы ағайынға көздеріне жас ала алғыс жаудырған-ды. Қазір сол көшпелілер баспанасы қайда екен деген сұрақ қолымызға қалам алдырды.
Мәселе • 20 Наурыз, 2024
Су тапшылығы – Орталық Азияның өзекті мәселесі
Ауылы аралас, қойы қоралас Орталық Азия елдеріне ортақ проблема көп. Соның ішінде бір ғана су ресурстарының төңірегінде жыл сайын дипломатиялық дау туып, елімізде «Күлтөбенің басында күнде жиын» болады да жатады. Трансшекаралық өзендердегі су тапшылығынан ең көп зардап шегетін Қазақстан вегетация кезеңінде тығырыққа тіреледі де қалады. Былтыр Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенін біраз шығынға батырған су тапшылығымен биыл қаншалықты күресе аламыз? Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғаттың былтырғыдай тосынсыйына биыл тас-түйін дайын ба? Оның үстіне, тарансшекаралық өзендер мәселесінің экономикалық жағынан гөрі саяси, дипломатиялық салмағы басымырақ сияқты.
Айбын • 19 Наурыз, 2024
Отанға қызмет – абыройлы міндет
Бүгінде еліміздің ішкі тыныштығының кепілі – Ұлттық ұланның қатарында жауынгерлік қызмет атқарып жүрген өзге этнос өкілдері көп. Олардың түрі мен тілі бөлек болғанымен, жаны мен рухы бір, еліміздің кең-байтақ жерінде татулық пен бірліктің туын көтеріп, туған Отанды қорғауда бір үйдің баласындай қызмет етіп келеді.