Әлем • 21 Шілде, 2025
1962 жылы кеңестік жазушылар Аркадий мен Борис Стругацкийлер «Полдень, XXII век» атты ғылыми-фантастикалық повесін жарыққа шығарады. Бұл шығармада болашақтағы ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың жаңа даму сатысына көтерілуі кеңінен суреттеледі. Солардың бірі – Каспаро-Карпов жүйесі деп аталатын таңғаларлық технология. Бұл жүйе адамның миын «көшіріп», оның математикалық моделін жасау арқылы адам санасын зерттеуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Шілде, 2025
Қай елде кез келген азамат басқа адамның табысын еркін біле алады?
Әлемнің біршама елінде адамның табысы – жеке, құпия ақпарат. Біреуден «қанша табасың?» деп сұраудың өзі әдепсіздік болып саналады. Ал кейбір мемлекеттерде мұндай ақпаратты мүлде жария етуге тыйым салынған. Бірақ әлемде кез келген азамат басқа адамның табысын ресми түрде біле алатын бір мемлекет бар. Бұл – Швеция, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 18 Шілде, 2025
«Шай – әңгіменің көсеуі ғой» деп, шай іше отырып, біраз жайды талқылайтын халықпыз. Әй, бірақ тек біз емес-ау. Дүниежүзіндегі біршама жұрттың шайға деген ықыласы ерекше. Енді бір қызығы, осы бір өнім әлем бойынша екі түрлі реңкте дыбысталады екен. «Шай» және «tea». Бұл айырмашылық кездейсоқ емес. Оның артында ғасырлар бойы жалғасқан сауда жолдары мен географиялық бағыттарға байланысты ерекше тарихи себеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 18 Шілде, 2025
Цифрлы кинематографияның алғашқы құрбаны
Осы күні заманауи кинотуындыларды компьютерлік арнайы эффектілерсіз елестету қиын. Алып айдаһарлар, жарқ-жұрқ еткен фантастикалық әлем, неше түрлі қабілеті бар актерлер – цифрлы технологиялардың арқасында құлпырып шыға келеді. Ал осының барлығы алғаш киноға ене бастағанда өнер емес, алаяқтық ретінде қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 18 Шілде, 2025
XIX ғасырдың соңында Оңтүстік Африканың Кейптаун портындағы теміржолда Эдвин Уайд есімді сигнал беруші жұмыс істепті. Оқыс оқиға салдарынан Эдвин екі аяғынан айырылған. Кейін ол базардан Джек есімді маймылды сатып алып, оған өз жұмысын толықтай үйретіпті.
Ғалам ғажаптары • 18 Шілде, 2025
Қоқысты кәдеге жаратқан компания
90-жылдардың басында «Nike» компаниясы «Reuse-A-Shoe» бағдарламасын іске қосты. Бұл бастама аясында кез келген брендтегі ескі спорт аяқкиімдері қабылданып, арнайы зауыттарда өңделеді.
Ғалам ғажаптары • 18 Шілде, 2025
Нидерландтағы «VanMoof» атты велосипед шығаратын компанияның тауарлары тасымалдау кезінде жиі зақымдалып қалатын.
Мәдениет • 17 Шілде, 2025
«Сатирадан арнайы сабақ керек»
Сатира – ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған қиын жанр. «Күлкі – күштілер қаруы» деген түйінді тіркес те тегіннен-тегін тілге тиек етілмеген. Алайда біз осы күні жауынгер жанрдың парқын біліп жүрміз бе? Әдеби пародия неге сирек жазылады? Студенттерге сатира пәнін оқытудың маңызы қандай? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында белгілі сатирик-жазушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермахан Шайхыұлымен сұхбаттасқан едік.
Бағдарламалар • 17 Шілде, 2025
Enbek.kz – жастарға арналған цифрлық мүмкіндік
Елімізде мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің жазғы демалыс уақытында бос отырмай, еңбек етіп, алғашқы кәсіби тәжірибе жинауына мүмкіндік жасалып келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруға «Электрондық еңбек биржасы» платформасы (enbek.kz) үлкен үлес қосып отыр.
Білім • 16 Шілде, 2025
Қазір әлемде халықаралық деңгейдегі беделді жеті олимпиада бар. Олар математика, физика, химия, информатика, география, лингвистика, биология пәндерінен дәстүрлі түрде өтеді. Биылғы маусымды озат оқушыларымыз сенсациялық нәтижемен бастап отыр. Нақтырақ айтсақ, IChO-2025 Халықаралық химия олимпиадасында еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының төртеуі де жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін асқақтатты.