Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
452 материал табылды

Таным • 11 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Бес жасында пьеса жазған

Вольфганг Моцарттың әкесі Леопольд – Аустриядағы белгілі ком­­позитор болған адам. Бала­сы­ның ерекше дарынды екенін түсін­ген ол өзінен гөрі ұлына көбірек көңіл бөлді.

Білім • 08 Ақпан, 2025

Ағылшын тілінен рекорд орнатты

Тіл білудің пайдасы ұшан-теңіз. Ғылым дәлелдеген, зерттеулер көрсеткен айғақты артықшылықтарын шып-шырғасымен түгендеуге кіріссек, есебіне жетіп болмаймыз. Бірақ тіл сындыру – оңай емес. Қаншама адам ағылшын тілін талай рет құрсауға алып, бағынышқа түсіруге тырысқанымен, алынбас қамалдан аса алмайтынын түсініп, біржола қол сілтеген болуы да мүмкін. Ал 17 жастағы Сая Қыдырәлі халықаралық «IELTS» емтиханын 20 мәрте тапсырып, нәтижесінде ең жоғары 9 балға қол жеткізді. Бұл – әлемдік рекорд.

Білім • 07 Ақпан, 2025

Теміржолшы – мамандықтың төресі

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деп атап өтті.

Білім • 05 Ақпан, 2025

1 300 мектеп жаңғыртудан өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қыркүйекте халық­қа арнаған Жолдауында үш жыл ішінде 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізуді тапсырғаны белгілі. Жақында өткен Үкі­мет­тің кеңейтілген отырысында Пре­зидент осы мәселеге арнайы тоқ­талып: «Үкі­мет заманауи мектептер салу­ға қолай­лы жағдай жасап, орта білім беру сала­сына жеке инвестиция тартуы қа­жет», деді. Жыл сайын оқушы саны артып, мектептердегі орын тапшылығы үдеп тұр­ған уақытта бұл бастаманың ма­­ңы­зы жоғары екені анық. Өйткені ес­кір­­ген білім ошақтарын жаңғырту үш ауы­сым­­ды және апатты мектептер мә­се­­ле­­сін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.

Қоғам • 05 Ақпан, 2025

«TikTok»-тағы тағылымды тартыс

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «TikTok» желісінде тағылымды контентті насихаттау мақсатында ұстаздарға арналған байқау өткізді. Желідегі жарысқа мектеп мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Олар өз пәндеріне сәйкес келетін қысқа танымдық бейнежазбаны платформада жариялап, жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде, сайыс ұйымдастырушыларына 80 мыңнан астам бейнежазба жолданған.

Сұхбат • 04 Ақпан, 2025

«Күлдіремін деп бүлдіріп жүр...»

Әзіл-сықақ әлемін зерделеген ғұламалардың пайымдауынша, ештеңеден қорықпайтын адам күлкіден ғана қорқады екен. Ендеше, күлкі – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды. Алайда осы күні сатираның бар-жоғын түгендегенде памфлет, эпиграмма, фельетон сынды жауынгер жанрлар саптан шығып қалғандай әсер қалдырады. Мұның себебі неде? Жалпы, қазір қымбат күлкінің құны кетіп, сатираны биік өнер деңгейінен түсіріп алған жоқпыз ба? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында оспақтың отымен кіріп, күлкінің күлімен шығып жүрген «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик Мұхтар Шеріммен әңгімелескен едік.

Таным • 31 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Ұшақта туған нәресте

«Uzbekistan Airways» әуе ком­пания­сының Ташкент – Нью-Йорк рейсінің бортында ұл бала дүниеге келді.

Көрме • 30 Қаңтар, 2025

Британиядағы білім көрмесі

Жақында Ұлыбританияның Лондон қаласында «British Education Training and Technology Show» көрмесі өтті. Осынау білім алаңына еліміз алғаш рет ұлттық павильон ретінде қатысып, бірегей жобаларын таныстырды.

Таным • 30 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Ерлеген егіздер

Орал қаласында дзюдодан жас­өпірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті.

Сұхбат • 29 Қаңтар, 2025

Жандос Әубәкір: Мақсатымыз – жаңа буын абайтанушыларды қалыптастыру

Биыл хакім Абайдың туғанына 180 жыл толады. Бүгінге дейін абайтану сала­сында қандай жетістіктер бар, қазір нендей жұмыстар атқарылып жатыр және ақын мерейтойы қалай аталып өтпек? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жа­нын­дағы «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Әубәкірмен сұхбат­тастық.