
Біріккен Араб Әмірліктерінде жаңа оқу жылынан бастап ЖИ пәні міндетті сабақ ретінде бекітілді. Осылайша, оқушылар деректер мен алгоритмдерді, этикалық нормаларды меңгеріп, жоба әзірлеуге машықтанады. Қытай да осы үрдістен қалыс қалған жоқ. Бейжің мектептерінде жасанды зерде негіздері информатикаға кірістіріліп, бастауыш сыныптарда ойын түрінде, жоғары сыныптарда бағдарламалау және нейрожелілер деңгейінде оқытылады. Ал Эстония мен Тәжікстанда ChatGPT Edu сияқты қызметтер оқу үдерісіне енгізілмек.