Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
545 материал табылды

Балалар • 23 Мамыр, 2025

Әр бала бақытты болуға лайық

Мемлекеттің ең қымбат қазы­на­сы адам десек, зүбәржат тасы – бала. Оның амандығы мен ертеңгі еркін өмірі бәріміздің мойнымызда. Жас ұрпақтың жанарындағы жалынды жаға білу – басты парызымыз. Ол үшін баланың көңіл күмбезіне баса-көктеп кірмей, таным табалдырығын әдеппен аттау керек. Осындай ізгі ниетпен мемлекетіміз балаларға, олардың құқының қорғалуына баса назар аударып отыр. Мәселен, 22-30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл бұл бастама «Қазақстан балалары» деген ортақ ұранмен өтіп жатыр.

Ғалам ғажаптары • 23 Мамыр, 2025

Ерекше марапат

Математикадағы ең беделді марапат – Филдс медалі. Ол 40 жасқа дейінгі ғалымдарға беріледі. Ал британ математигі Эндрю Уайлс үш ғасыр бойы шешілмей келген Ферма теоремасының жауабын тапқанда 41 жаста болған.

Ғалам ғажаптары • 23 Мамыр, 2025

Өзгеше өркениет

Бразилия джунглиінде өмір сүретін пирахан тайпасының тілінде сан есімдер атымен жоқ. Олар тек «аз», «көбірек», «көп» деген ұғым­дар­мен шектеледі. Сондықтан бір мен екінің айырмасын нақты айта алмайды.

Ғалам ғажаптары • 23 Мамыр, 2025

Баскетбол бастамасы

Көптеген жаңалық бірден мінсіз бола салмайды. Олар уақыт өте ке­ле жетіледі. Мәселен, ал­ғашқы бас­кет­болда біз білетін дриблинг, яғни доп­ты жерге соғып алып жүру бол­маған.

Білім • 22 Мамыр, 2025

Оқу жылы қалай қорытындыланды?

Оқу жылы қашан аяқталады? Қорытынды емтихандар қай кезде болады? Халықаралық са­йыстардан қандай жетістігіміз бар? Осы сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өт­кен жиында Оқу-ағарту минис­трлігі өкілдері жауап берді.

Ғалам ғажаптары • 22 Мамыр, 2025

Талантын дәлелдеген Верди

Қазір Италияның әйгілі Милан консерваториясы ұлы композитор Джузеппе Вердидің есімімен аталады. Бірақ бір қызығы, дәл осы оқу орны 1833 жылы оны қабылдамай қойғанын біреу білсе, біреу білмейді.

Ғалам ғажаптары • 22 Мамыр, 2025

Білмей жасаған жақсылық

Интернеттегі қандай да бір сайт­қа кірмек болғанда, «Сіз робот емессіз бе?» деген жазуға жиі тап бола­мыз. Қисайған, бұлдыраған әріп­­терді теріп, «Captcha» деген тек­серістен өтеміз. Бірақ бұл жай ғана тексеріс емес.

Ғалам ғажаптары • 22 Мамыр, 2025

Бір сөз жеткілікті

Кейбір тілдерде бір сөзбен амандасып әрі қоштасуға болады.

Қоғам • 20 Мамыр, 2025

«Азамат» пікірсайысында ауыл мен қала арасындағы білім беру теңсіздігі талқыланды

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жаңа шығарылымында еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі – ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасындағы теңсіздік талқыланды. Пікірсайыс алаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері өз көзқарастарын ұсынып, нақты шешу жолдарын ортаға салды.

Мәдениет • 16 Мамыр, 2025

Елордада жыршы Қоныс Жүсіптің шығармашылық кеші өтті

Қазақтың жыраулық дәстүрінде өңір мектептерінің маңызы ерекше. Әрқайсы табиғатына сай болмысы бөлек, мақамы ерек болып тұрады. Соның ішінде Әмудария бойындағы байырғы қоныс Бесқала жыр мектебінің шоқтығы биік. Сол мектептің жарқын өкілі Наурызбек жыраудың ізін жалғаған бүгінгі күннің даңғайыры  – Қоныс Жүсіп. Ердің жасын еңсерген жыршы елорда төрінде «Жырдан маржан шашайын» атты шығармашылық кешін берді, деп хабарлайды Egemen.kz.