Digital • Бүгін, 08:13

Керек дерек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Смартфон сатып алу кезінде көпшілік назар аудара бермейтін, бірақ аса маңызды бір жайт бар, ол – құрылғының IMEI нөмірін тексеру. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтарға құрылғының верификация мәртебесін kz-imei.kz ресми сайты немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынады.

Керек дерек

Сурет: androidinsider.ru

Бұл тексеріс сіздің смарт­фо­ныңыздың заңды әкелін­генін, ұялы байланыс опера­торларының желісінде кедергі­сіз жұмыс істейтінін және «қара тізімге» енгізілмегенін растауға көмектеседі. IMEI нөмірі тіркелмеген немесе күмәнді жолмен әкелінген құрылғылар көп жағдайда байланыс желісіне қосылмай қалады.

Сондай-ақ IMEI нөмірін *#06# комбинациясын теру арқылы да білуге болады. Егер құрылғы тіркелмеген болса, ол бірнеше апта ішінде желіден ажыратылады.

Қазір елімізде 30 миллионнан астам мобильді құрылғы тіркелген. Тексеру небәрі бірнеше секунд уақыт алады.