
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
Іздеу жұмыстары неге тоқтатылды?
«Майқайыңалтын» АҚ кенішіндегі қайғылы оқиғаның болғанына екі айдан аса уақыт өтті. Құтқарушылар алғашқы күні екі құтқарушының мүрдесін жер бетіне көтеріп алып шыққан еді. Алайда өзге екі азамат сол күйі табылмай жатыр.
Ғылым • 10 Наурыз, 2024
Ертіс-Баян өңірінен ғалымдар көп шыққаны белгілі. Мысалға, химиядағы Әбікен Бектұровтың еңбегін атауға болады. Әбікен атасының ізін жалғаған Әсияның бүгінгі ғылыми ізденістері де кісі қызығарлықтай. Ол органикалық химияның бірнеше бағытында талмай ізденіп жүр.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Павлодардағы жедел басқару орталығы – елімізде алғаш ашылған заманауи құқық қорғау жүйелерінің бірі. Бұл жерде үнемі сергек жүретін, жұмысы жұрт көзіне түсе бермейтін мамандар қызмет етеді. Олар шаһардағы қоғамдық қауіпсіздікті тәуліктің әр секундында, жылдың 365 күнінде кірпік қақпай күзетеді.
Кәсіпкер • 04 Наурыз, 2024
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жергілікті жас кәсіпкерлер Махмұт Тұрсын мен Нұрай Әлім гүл өсіретін жылыжай ашты. Олар 300 шаршы метр аумақта қызғалдақ гүлін өсіріп, алғашқы өнімін алып үлгерді. Бұл – облыстың ауылдық жерінде ашылған тұңғыш жылыжай.
Тұлға • 03 Наурыз, 2024
Керекудің теріскейі – аз зерттелген өңір. Заманында Алаш ардақтыларымен үзеңгілес небір тарихи тұлғалардың өмір сүргені туралы деректер соңғы уақытта үсті-үстіне табылып жатыр. Соның бірі – Тереңкөл болысын ұзақ жылдар басқарған Ілияс Жанқараұлы. Ертіс бойының арысы Қарқаралы петициясына атсалысып, Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне құрметпен шақырылған.
Басылым • 18 Ақпан, 2024
Керекудегі ақпарат саласының мінберіне айналған облыстық «Saryarqa samaly» газетінің шыға бастағанына 15 ақпан күні 95 жыл толды. Торқалы тоқсан бес жылда басылым қашанда халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы, қоғам өмірінің айнасы бола білді. Ел-жұрт басынан өткерген қиын-қыстау күндердің, қуанышты үндердің куәсіне, жақсылықтың жаршысы, игі істердің бастаушысына айналды.
Тағзым • 15 Ақпан, 2024
Халық геологі Қосым Пішенбайұлы есімін «Богатырь» кенішіне берсе жарасады
Баянауыл мен Екібастұз жерінде ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарының басында пайдалы қазбалар, атап айтқанда, мыс, күміс шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істеген. Жосалы мен Майкүбіде көмір шахтасы болған. Ал Қандықарасу-Александровкада уран, мыс, алтын шығарылған. Көпестер кеннің тілін түсінетін жергілікті қазақтарды алдап-арбап, сыйақы беріп, солардың көмегімен қазба байлықтарды тауып отырған.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Екібастұзда алып мұздық неден пайда болды?
Екібастұз қаласы маңында ертегілердегідей мұздық пайда болды. Ішінде кәдімгідей үңгірі бар таңғажайып мұз нысаны жақын жердегі су құбырының жарылуынан түзілгені анықталды.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Керекудің Ақтоғай, Ертіс, Железин аудандары мен Екібастұз ауылдық аймағында жылқы қырылып жатыр деген әңгіме желдей есіп тұр. Өткен аптада жауған жаңбырдан соң айналаның бәрін көк мұз құрсап, жануарлар тебіндей алмай қалған. Ауылдағылар жылқыдан күй кете бастады, шетінен ұстап қораға қамап жатырмыз дейді.
Жәдігер • 13 Ақпан, 2024
Шәкен Айманов бала кезінен қалжыңқой болып өскен. Кейде үй алдындағы үлкен тастың басына шығып алып, жылап отырады екен. Сонда оны көрген ауыл ақсақалдары: «Мынау бала жаман ырым бастап отыр, тастан сүйреп түсіріңдер», деп ұрысса, ағалары: «Жоқ, Шәкенге тиіспеңдер, оны өнер қысып отыр», деп тоқтататын көрінеді.