Аймақтар • Бүгін, 07:50

Шәмші әндері шырқалған кеш

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодарда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына, Конститу­ция­ның 30 жылдығына орай музы­калық кеш өтті. Өзге ұлт өкілдері композитордың әндерін орын­дап, Достық үйін думанға бөледі.

Шәмші әндері шырқалған кеш

Іс-шараны «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» және «Қа­зақша ән саламыз» жобалары аясында, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесіп ұйымдастырғанын айтып өту керек. Кеште атақты композитордың «Бақыт құшағында», «Шынарым», «Бақыттымын, құрбылар», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр», «Бәрінен де сен сұлу», «Сыған серенадасы», «Арыс жағасында», «Қаракөз» сияқты көпшілікке жақсы таныс туындылары орындалды. Концерт­ке жиналған қауым ел арасында кеңі­нен таралған әндерді қосыла шырқап, ыстық ықыласпен қошемет көрсетті. Ал би ансамблі халық композиторының әндерін бимен сүйемелдеді.

м

Кешті Ертіс-Баян өңірінде тұратын этнос өкілдері ана тілдерінде орындаған попурримен қорытындылады. Бұл ерекше думан Шәмші шығармашылығы елдің ортақ мұрасы екенін дәлел­деумен қатар, этносаралық татулық пен бірлікті де байқатты.

«Шәмші Қалдаяқовтың әндері – біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің бір бө­лігі. Конституция күні қар­са­ңында ұйымдастырыл­ған және Қазақ­стан халқы Ассамблеясының 30 жыл­­ды­ғына орайластырылған бүгінгі іс-шара композитордың патриотизмге, Отанға және адамдарға деген шынайы сүйіспеншілікке толы шығармалары ұрпақтарды біріктіретінін тағы бір мәрте растады. Бүгінгі концертке этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжым­да­рының басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері де қатысты. Бұл, әрине, қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайту үшін маңызды, деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүрия Көбенова.

 

Павлодар облысы