Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу үшін Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп жоспар бекіткен. 1 ақпан мен 30 маусым аралығына 402,2 мың тонна дизель отынын бөлу кестесі қабылданған.
Өңірлер үшін дизель отыны орта есеппен литріне 281 теңге болады. Бұл нарықтағы бөлшек бағадан шамамен 15%-ға төмен.
«Жанармайдың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бақылау шаралары күшейтілген. Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар енгізу, дизель отынын түске бояу және электрондық шот-фактура жүйесінде арнайы виртуалды қойма құру тетіктері қолданылып отыр», деді министр.
Ведомство мәліметінше, жоспарланған көлемнің бір бөлігі жеткізілген: 402,2 мың тоннадан 204,8 мың тоннасы немесе 51% жөнелтілген. Жалпы іріктеу көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін қысқарып, 127 мың тоннаға немесе 21%-ға азайған.
Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
Министрлік ауыл шаруашылығын дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Нұрболат АМАНБЕК