Оқиға • Бүгін, 11:50

Астанада LRT осы аптада іске қосылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада LRT жүйесі алдағы демалыс күндері, 16-17 мамырда іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев пресс-тур барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада LRT осы аптада іске қосылады

Жобаның жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Бағыт елорданың негізгі көшелері мен маңызды нысандарын қамтиды. Олардың қатарында әуежай, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана Жұлдызы» стелласы, Mega Silk Way сауда орталығы, Ботаникалық бақ, Abu-Dhabi Plaza, Үкімет үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Ұлттық музей және «Нұрлы жол» вокзалы бар.

Рейстер күніне таңғы 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қатынайды.

LRT-де жол жүру құны 200 теңге болып белгіленді. Төлемнің бірнеше тәсілі қарастырылған:

  • FacePay (бет-әлпет арқылы биометриялық төлем)
  • LRT көлік картасы (құны – 1000 теңге)
  • Visa/Mastercard банктік карталары
  • NFC (смартфон немесе смартсағат арқылы)
  • QR-код арқылы
  • бір реттік билет (касса немесе автомат арқылы)

LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?

Астана қаласында тіркелген 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтар үшін жол жүру тегін болады.

Желіде 15 пойыз қатынайды, оның төртеуі резервте болады. Пойыздар 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әрбір төрт вагоннан тұратын пойыз 600-ден астам жолаушыны тасымалдай алады.

Жоба қаладағы қоғамдық көлік жүйесін жаңғыртып, жолаушылар жүктемесін азайтуға бағытталған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Құрбан айт қашан басталады?

Қоғам • Бүгін, 10:32

Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 10:20