Тергеу мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған.
Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де қатысы бар тұлғалар тартылған. Схема жалған бұйрықтар шығару, электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану және жалған актілер рәсімдеу арқылы жүзеге асқан. Сонымен қатар, кейбір студенттер ақылы бөлімнен мемлекет есебінен оқитындар қатарына заңсыз ауыстырылған.
Абай облысында шаруа қожалығы басшысы 211 млн теңге жымқырған
Тергеу дерегіне сай, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаржысын иемдену үшін пайдаланылған. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,3 млрд теңгеден асқан.
«Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы үш тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген агенттік хабарламасында.
ҚМА мәліметінше, күдіктілер 65 млн теңге шығынды ерікті түрде өтеген. Бұдан бөлек, сот санкциясымен үш пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, үш тұрғын үй мен үш автокөлікке тыйым салынған.
Нұрболат АМАНБЕК