Оқиға • Бүгін, 11:54

Оқымаған әрі жүргізуші куәлігі жоқ: Көкшетаудағы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында әйел адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқымаған әрі жүргізуші куәлігі жоқ: Көкшетаудағы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Тергеу барысында күдіктінің көлік жүргізу құқығы болмағаны және тиісті оқу курсынан өтпегені анықталған. Сонымен қатар автокөлік иесіне, яғни күдіктінің жұбайына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Ол көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға рөлге отыруға мүмкіндік бергені үшін жауапқа тартылып отыр. Мұндай құқықбұзушылық үшін заңда бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

11 мамыр күні Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған қылмыстық істің тергелу барысы ведомство басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Еске салайық, Көкшетауда жол талғамайтын көлік әйелді басып кетіп, ол оқиға орнында жан тапсырған. 

Соңғы жаңалықтар