
Экология • 08 Желтоқсан, 2022
Тау-тау қоқыс кәдеге жараса...
Ертіс-Баян өңірі қоршаған ортаны ластайтын заттардың шығарындылары бойынша елімізде көш бастап тұр. Өндіріс қалдықтары мен түрлі күл-қоқыстардың 30 пайызы, яғни 730 мың тоннасы осы аймаққа тиесілі. Ал отын-энергетика саласындағы бұл көрсеткіштердің үлесі тіпті сорақы 65 пайыздан асады.
Өнер • 07 Желтоқсан, 2022
Уақыт пен кеңістік жоқ әлемде адами құндылықтар мен сезімдерді сақтап қалу, жансыз сурет болудан қашу, шынайы өмірдің мән-мағынасын түсіну, көз жанарындағы миллиондаған түстер мен суреттер арпалысы. Егер адам ғайыптан осы кеңістікке еніп кетсе не болар еді? «Мен жоқ жердегі «Менің өмірім» эксперименттік драмасы тұңғыш рет Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында сахналанды.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022
Екібастұзда апат салдарынан әлі де болсын жылуға қосылмаған көпқабатты 4 тұрғын үй қалды. Кеше таңертеңгілік №6 шағын ауданда орамішілік тағы бір құбыр жарылып, зақымдану көп ұзамай қалпына келтірілді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022
Көлік гаражынан «Екібастұз жылу-энерго» ЖШС учаске басшысының мәйіті табылды.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022
Екібастұзда жаңадан жылу құбыры салынуда
Екібастұздағы 5А шағын ауданында тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін жердің бетімен жаңадан 120 метр жерге қосқыш желі төселмек. 420 миллиметрлік құбырларды дәнекерлеуге дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022
Жылу жүйесіндегі апатты қалпына келтіру жұмыстары екінші аптаға кетті. Шаһардағы барлық үйдің жертөлесіне жылу кіргенімен, пәтерлердегі қатып қалған құбырлар мен кәріз жүйесін реттеу қиынға соғып тұр. Тұрғындар жөндеу бригадаларының жетіспейтіндігіне, кейбірі жылу батареяларын өз қаражаттарына сатып алып жатқанына шағымданып жатыр.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022
Екібастұздың Жанаргүлі. Бұл есім аталса, Кереку халқы өңірдегі ақын қыз-келіншектердің көшін бастаған қазақтың аяулы қызының отты жырларын есіне түсірер еді. Танымал ақын, аудармашы, журналист Жанаргүл Қадырова өз оқырмандарына алғаш рет шығармашылық кешін ұсынды.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022
Екібастұз: жылу желілерінде теңгерімсіздік байқалуда
Екібастұзда қалған көпқабатты 12 үйде пәтераралық құбырлар мен жылу батареяларын ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жөндеу бригадаларына 851 адам жұмылдырылған.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022
Арқаның аязына шыдамай шытынаған құбыр, сүйектен өтер суықта пәтерінде тісі тісіне тимей жаураған жұрт... Екібастұз халқы алғашқы күндері көмектің жоқтығынан шарасыз қалып, не істерін білмей аһ ұрды. Экономикасы алға озған индустриалды шаһар бір демде мұз құрсанып, мыңдаған адам қақаған қыстың қыспағында қалады деп кім ойлаған.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022
Екібастұздағы барлық үйдің жертөлесіне жылу кірді
Бүгінгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Екібастұздағы жылу жүйесінен ажырап тұрған көпқабатты үйлердің барлығының жертөлесіне жылу кіргізілді. Қазіргі күні жөндеу бригадалары 11 үй бойынша пәтерлердің жылу радиторлары мен пәтер аралық құбырларды ауыстырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.