
Сайлау • 08 Қараша, 2024
Ертіс-Баян өңіріндегі 355 ауылдық елді мекен бүгінде 126 дербес ауылдық бюджетке біріктірілген. Биыл жергілікті өзін- өзі басқару бюджетінің көлемі 21,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық.
Аймақтар • 07 Қараша, 2024
Баянауылдың бірнеше елді мекені «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының игілігін молынан көріп отыр. Биыл бір ғана Құндыкөл ауылында жалпы құны 422 млн теңгеден асатын 3 жоба жүзеге асырылды.
Маман • 06 Қараша, 2024
Техника мамандарына сұраныс артты
Еңбек нарығындағы қажеттілікті талдау нәтижелері Ертіс –Баян өңірінің экономикасына орта кәсіптік білімі бар кадрларға қажеттіліктің артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Алдағы бес жылда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға деген сұраныс білімі жоғары түлектерге деген қажеттіліктен 70 пайызға асып кетеді деген болжам бар.
Аймақтар • 05 Қараша, 2024
Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталса...
Павлодар өңірінде салғырттық салдарынан тілсіз жаудың құрбанына айналып жатқан жандардың қатары азаймай тұр. Жылу маусымы басталғалы өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамау салдарынан бес бірдей адам қаза болды. Өрт сөндірушілер марқұмдардың екеуін жанып кеткен үйдің ішінен тапса, тағы үшеуі пештен бөлінген улы газға тұншығып өлген.
Медицина • 05 Қараша, 2024
Борышқа белшесінен батқан аурухана
Павлодардағы №3 аурухананың кредиторлық қарызы бір жарым жыл ішінде 44 есе ұлғайған. 2023 жыл басында небәрі 8 млн теңге болған борыш бүгінде 356 млн теңгеге дейін өсіп кетіпті. Өңірдегі емдеу ұйымдарының біразында осындай мәселе байқалып отыр.
Аймақтар • 02 Қараша, 2024
Талай шаңыраққа құт болған мекен
Бір апта ішінде киім-кешектерін жинастырып, Астанадан Екібастұзға жол тарту Қазымбаев отбасына жөні келіскен шешімнің бірі болды. Отбасы елордадағы саяжайдан шағын үй жалдап тұратын. Өте кедей тұрды деуге келмес, дейтұрғанмен жалақы бәрібір жетпейтін. 2019 жылы көші-қон бағдарламасына қатысуға бел буды. Сол уақытта кеншілер қаласына 1 300-ден аса адам аттанған.
Аймақтар • 02 Қараша, 2024
Балбалтастар неге елеусіз қалды?
Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін Баянауыл жерінде көне түркі дүниесінің ескерткіштері – балбалтастар баршылық. Тау баурайларының ең бір құйқалы жерлерінде орналасқан балбалтастар бұл жерде халқымыздың ежелгі заманда бірегей этномәдениеті болғанын білдіреді.
Саясат • 31 Қазан, 2024
Жас депутаттар жаңашылдық жаршысы бола алды ма?
Еліміздегі мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды. Мемлекет дамуындағы өкілетті биліктің маңызы зор. Дейтұрғанмен мәслихат десе, көбіміздің көз алдымызға етжеңді, елулерді алқымдап қалған аға буын депутаттар елестейтіні белгілі. Кейінгі жылдары депутаттар корпусының қатарын толықтырып жатқан жастар бұл стереотипті бұза алды ма? Мәслихаттардан жаңашылдық лебі есе ме?
Бизнес • 31 Қазан, 2024
Бизнес берекесі қайтсе артады?
Мемлекет қолдауын пайдаланып, кәсібімді кеңейтсем дейтін іскер жандардың айы оңынан туып тұр. Нәтижесінде, өңірлерде жаңа өндіріс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар «екі қолға – бір күрек» тауып жатыр. Павлодарда «Даму» қорының септесуімен көлік аккумуляторын өңдеу кәсіпорны мен тігін цехының жұмысы жанданды.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Шарбақты ауданында жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Заманға сай салынған баспаналар мұқтаж жандарға бұйырды. Ғимараттарды жеке тұлға өз қаржысына салып, кейін олар облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған. Үш бөлмелі пәтерлер заманауи технологиялар қолданыла отырып тұрғызылып, озық инженерлік коммуникациялармен жабдықталған.