Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі өткізбек болған шетелдік ұсталды
Жамбыл облысындағы «Айша бибі» өткізу бекетінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткінің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Шекарашылар көліктің жасырын бөлігінен жалпы салмағы 30 келіден асатын түрлі заттар тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2025
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінен шығып қалды
Бокс әлемінің беделді басылымы Ring Magazine орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартып, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының есімін тізімнен алып тастады. Бұған дейінгі рейтингтің көшін бастап келген WBO және IBF белбеулерінің иегеріне қатысты мұндай шешімнің қабылдануына оның допинг сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Ақтауда 13-ші мектеп ашылды: Өңірдегі ұлттық жоба сәтті қорытындыланды
Маңғыстау өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жоспарлы түрде толық аяқталды. 18 желтоқсан күні Ақтау қаласының 16 шағынауданында 1500 орындық заманауи №35 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша аталған жоба аясында салынған соңғы, яғни он үшінші білім ошағы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
Сиднейде лаңкестің қаруын тартып алған мұсылман кісіге 2 млн доллар табысталды
Сиднейдегі Бонди-Бач сауда орталығында болған лаңкестік әрекет кезінде батылдық танытып, қарулы қылмыскердің қолынан мылтықты тартып алған Әль-Ахмедке 2 533 585 доллар табысталды. Бұл қаражат бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамның қолдауымен GoFundMe қоры арқылы жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді
Қазақстан Президенті Қасы-Жомарт Тоқаев Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев JOGMEC ұйымының төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісі Шинго Уэнонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Ерлан Саиров: Рушылдық тенденция – мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдап, елдегі «рушылдық» психологиясының өршуіне байланысты дабыл қақты. Депутат ұлттық бірлікке қауіп төндіретін контенттерге тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 19 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжаттың басты мақсаты – адами капиталды дамытуға және мигранттарды сапалы іріктеуге негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесін қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.