
Оқиға • 22 Қараша, 2024
Елорданың Алматы ауданындағы Анатолий Храпатый көшесінде көлік өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қараша, 2024
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қазақстанда материалдық емес мұраны қорғау туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстары мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында фермерлерден жер учаскелерін алуға байланысты бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Қараша, 2024
«Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мақұлданды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Республикалық бюджет және Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен қаржы министрі Мәди Тәкиев таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қараша, 2024
Аустралияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды
Аустралия үкіметі әлеуметтік желілерді пайдалану үшін ең төменгі жасты 16 жастан белгілейтін инновациялық заң қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 21 Қараша, 2024
«Алдар көсе» фильмінің жаңа нұсқасы көрерменге жол тартады
Осы жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы қаласы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль отандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Шәкен Аймановтың есімі берілгеніне 40 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қараша, 2024
Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды
Теміртау маңындағы тас жолда екінші күн қатарынан жол апаты оқиғалары тіркеліп жатыр. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
«Shine Muscat» жүзімінен ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ - министрлік
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қараша, 2024
2025 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы өседі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.