Президент • 09 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
УЕФА Дастан Сәтпаевты Чемпиондар лигасы матчтарынан шеттете ме?
«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 17 жастағы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасы матчтарынан ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық стандарттарға сай электронды құжат айналымына көшіруді жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Су спорты • 09 Желтоқсан, 2025
Оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында оңтүстік өңірлерде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. Оның айтуынша, Шардара су қоймасына келетін су көлемі 43%-ға қысқарған, ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы су қорлары былтырғыдан 3,8 млрд текше метрге төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» футбол клубымен кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Бұрынғы бас дәрігер аурухана қаржысына елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық газ жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және жымқыру әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2025
Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру механизмі бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлар тізбесін белгілеу туралы бұйрықты бекітті. Құжатқа сәйкес, аталған тізімге кіретін өнімдерді импорттаған кезде салық төлеушілер қосылған құн салығын кейінге қалдыру құқығына ие болады. Бұл норма Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 09 Желтоқсан, 2025
Skills Enbek: Биыл 550 мыңнан астам азамат онлайн-оқуды аяқтады
Биыл жарты миллионнан астам азамат Skills Enbek онлайн-платформасында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, сертификат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Елімізде тұрғын үй кезегін жеделдету мақсатында жаңа ереже енгізілді
Енді азаматтар жеке мәліметтердің өңделуіне келісім бермесе, күту тізіміндегі орны төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Сәтбаевта қолына пышақ ұстаған ер адам дүкен қызметкерлерін қорқытқан
Сәтбаев қаласында сауда орнында төтенше жағдай тіркелді. Дүкенге кірген ер адам қолына пышақ алып, дүние-мүлікті бүлдірген. Полиция күдіктіні дереу қолға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.