Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Астанада 15 елдің конституциялық сот судьяларының қатысуымен халықаралық форум өтті
Елорда «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумы өтті. Оған Еуропаның, Азия мен Африканың 15 елінен келген конституциялық бақылау органдарының төрағалары мен судьялары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, жетекші заңгер-ғалымдар мен құқық қорғаушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының басшылары, адвокатура мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған форумға 150-ден астам қатысушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары сапалы медицинаға қол жеткізе бастады
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы жөнінде мәлімдеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстан тарихының екінші томы баспаға жіберілді
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
Елімізде жыл басынан бері 70 мыңнан астам неке қиылған
2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстанда 77 951 неке рәсімделіп, 226 803 бала өмірге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Қыркүйек, 2025
Ақтауда XII Азаматтық форум өтті
Бүгін Ақтауда «Заң мен тәртіп – қоғамның тұтастығы: Құқықтық сауаттылықтағы ҮЕҰ-дың рөлі» тақырыбында XII Азаматтық форум ұйымдастырылды. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, республикалық және өңірлік ҮЕҰ өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қыркүйек, 2025
Балиде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Индонезияның Бали аралында соңғы онжылдықтағы ең күшті су тасқынынан кейін бір апталық төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Түркістандағы әкесін соққыға жыққан ер адамның әйелі де жауапқа тартылады
Түркістан облысында ер адамның өз қарт әкесін ұрып-соққан жағдай бүкіл елді дүрліктірді. Бүгін күдіктінің жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы ұлттық реттеу жүйесін ДДСҰ сарапшылары бағалайды
Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясы елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеу жүйесіне кешенді талдау жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.