Футбол • Бүгін, 09:25

Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атануы мүмкін

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалия футболының аңызы, 2016 жылғы Еуропа чемпионы Нани «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанбақ. Футболшы ақтөбелік ұжыммен келісімшарт талаптарын толық мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атануы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

AmanVIBE дереккөзінің хабарлауынша, португалиялық шабуылшы жақын арада «ақ-қызылдардың» оқу-жаттығу жиынына қосылады. Тараптар 1 жылдық келісімшартқа қол қойған. Нанидің жалақысы Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ.

Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады

Жоспар бойынша, футболшы 22 қаңтарда Алматыға ұшып келіп, әрі қарай Ақтөбеге аттанады. Содан кейін жанкүйерлер алдында ресми таныстырылым рәсімі өтеді.

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Нани «Манчестер Юнайтед» сапында жүріп, әлемдік деңгейдегі барлық жүлдеге қол жеткізген:

  • Англия Премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы;
  • Чемпиондар лигасының жеңімпазы;
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • Англия Кубогы мен Суперкубогының иегері.

Бизнесмен «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

Әр жылдары ол «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» секілді Еуропаның топ-клубтарында, сондай-ақ АҚШ пен Аустралия чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар