Әлем • 19 Қаңтар, 2026

Ирандағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран билігі елдегі жаппай наразылық кезінде қаза болғандар саны 5 мың адамға жеткенін мәлімдеді. Құрбандардың арасында 500-ге жуық құқық қорғау қызметкері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирандағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты

Фото: Ашық дереккөз

Тегеран бұл қырғын үшін жауапкершілікті «террористер мен қарулы бүлікшілерге» жүктеп отыр. Үкімет өкілдерінің айтуынша, ең қатты қақтығыстар елдің солтүстік-батысындағы күрттер қоныстанған аймақтарда болған.

Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды

Десе де халықаралық құқық қорғау ұйымдарының дерегі басқаша. Мәселен, HRANA ұйымы қазіргі уақытта 3 308 адамның өлімі нақтыланғанын, тағы 4 мыңнан астам жағдай тексеріліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғаушылардың есебінше, ұсталғандар саны 24 мың адамнан асады.

Дональд Трамп Иранға күш қолдануды талқылайды

Еске сала кетейік, Ирандағы жаппай наразылық шаралары 2025 жылдың желтоқсан айының соңында басталған болатын. Наразылықтың басты себебі – елдегі экономикалық қиындықтар мен валюта бағамының күрт төмендеуі. Кейінірек бұл толқулар саяси сипат алып, бүкіл ел аумағын шарпыды.

Соңғы жаңалықтар