Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қойылды
Қазақстанда тіс емдеуге арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның ЖІӨ сегіз айда 6,5%-ға өсті
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткішке сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы тұрақты өсім ықпал еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Оңтүстік Кореяда әуежай қызметкерлері ұлттық ереуілге шығуы мүмкін
19 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяның әуежайларында жалпыұлттық ереуіл басталуы мүмкін. Бұл акция 26-28 қыркүйек аралығанда өтетін Чхусок мерекесіне дейін жалғасуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы құрылыс саласында былық көп – депутат дабыл қақты
Мәжілісте Депутат Сергей Пономарев Алматыдағы құрылыс мәселелері бойынша ҚР Премьер-министрімен Алматы қаласының әкімінің атына депутаттық сауал жолдады. Онда халық қалаулысы қаладағы архитектуралық тұтастықты сақтауға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жүйелі түрде орындалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Үндістан Непалмен шекарадағы күзетті нығайтты
Үнді билігі әлеуметтік желілерге тыйым салуына байланысты Непалда өршіген жаппай антиүкіметтік наразылықтарға байланысты елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында қауіпсіздік шараларын күшейтіп, Непалмен шекарадағы күзетті нығайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Press Trust of India (PTI) агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенконы қабылдап, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат Павлодар әуежайын жөндеуге қосымша қаржы бөлуді сұрады
«AMANAT» фракциясының депутаты Жарқынбек Амантайұлы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, Павлодар әуежайындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстарына қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжілісмен ауылдарды сақтап қалу үшін ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанда соңғы жиырма жылда 1 400-ден астам ауыл жойылып, тағы 500 елді мекен «перспективасы жоқ» деп танылды. Ауыл халқының азаюы, жастардың қалаға көшуі мен инфрақұрылым тапшылығы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Серік Егізбаев осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс ең төменгі жалақыға қатысты конвенцияны ратификациялады
Мәжіліс ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдеріне қатысты №131 Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясын бекітті. Бұл құжатта дамушы елдердің жағдайы ерекше ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.