Білім • Бүгін, 14:31

BilimClass платформасына ауысуға уақытша тыйым салынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық мектептердің BilimClass платформасына ауысуы сот шешімімен тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық сот «Күнделік» ЖШС-нің арызын қанағаттандырып, білім басқармасына жүйені ауыстыруға және оқушылардың деректерін өзге платформаларға көшіруге тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

BilimClass платформасына ауысуға уақытша тыйым салынды

Фото: istockphoto.com

Сот шешіміне сәйкес, Алматы қалалық білім басқармасына және оған қарасты барлық аудандық бөлімдер мен мектептерге «Күнделік» жүйесінің орнына BilimClass немесе кез келген басқа ақпараттық жүйені енгізуге, тестілеуден өткізуге немесе пилоттық режімде қолдануға тыйым салынды. Бұл шешім білім беру саласындағы цифрлық платформаларды алмастыру процесін уақытша бұғаттап тастады.

Kundelik платформасының басты бетінде прокуратура блогы іске қосылды

Сонымен қатар сот мектеп оқушыларының, ата-ана мен мұғалімдердің дербес деректерін Kundelik жүйесінен BilimClass платформасына немесе басқа жүйелерге беруге, көшіруге және жүктеуге де шектеу қойды. Сондай-ақ баламалы цифрлық платформаларды енгізу бойынша жаңа келісімшарттар жасасуға да жол берілмейді. Айта кету керек, бұл сот ұйғарымына әлі де Алматы қалалық сотында шағым түсіру мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтар күні Алматының білім басқармасы үшінші тоқсаннан бастап мегаполис мектептерінің BilimClass жүйесіне көшетінін жариялаған еді. Бұған дейін «Күнделік» компаниясы оқушылар деректерінің таралуына байланысты 3 млн теңгеге жуық айыппұл арқалаған болатын.

Соңғы жаңалықтар