Фото: istockphoto.com
Energy Monitor арнасының мәліметінше, Теңіз кен орнында өндіріс желтоқсан айындағы көрсеткіштен орта есеппен 51%-ға, Қашағанда 60%-ға, ал Қарашығанақта 44%-ға азайған. Ел бойынша мұнай өндірудің орташа деңгейі 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 35%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш жазғы ең жоғары мәндерден 45%-ға аз.
Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын танкерлер шабуылға ұшырады
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндірісі жоспарланған 96,2 млн тоннаның орнына 99,6 млн тоннаны құрап, жоспар артығымен орындалған болатын.
Алайда 2026 жылдың қаңтар айында КҚК арқылы мұнай экспортының көлемі кестеден 70%-ға қалып қойды. Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, бұған теңіздегі жиі дауыл мен тек бір ғана айлақтық қондырғының (ВПУ) жұмыс істеуі себеп болған. Салдарынан қаңтарда танкерлерге мұнай тиеу көлемі жоспардағы 1,65 млн б/с орнына орта есеппен небәрі 500 мың баррельді құрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада Астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына экипажсыз жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалған еді.