Қоғам • 31 Шілде, 2025
Өнеркәсіп комитетіне қарасты мекемеде қызметкерлерге заңсыз еңбекақы төленген
2025 жылы азаматтық белсенді тұрғынның өтінішінен кейін Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасы минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да тексеру жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Алматы әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері «Бағанашыл» балалар үйінің ғимаратын Алматы қаласының балансына беру бойынша тиісті жұмыстарды қолға алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Шілде, 2025
Биыл 94 елді мекенге табиғи газ жеткізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді газдандыру мен газ саласының әлеуетін арттыру бағытында биыл елімізде 62 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 31 Шілде, 2025
Өнеркәсіп өндірісі жарты жылда 6,5%-ға өсті – Роман Скляр
Үкімет үйінде Мемлекет басшысы жүктеген өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы міндеттердің орындалу барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр нақты сектордың даму көрсеткіштерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Қызылорда облысында 200-ден астам адамға рақымшылық жасалады
Қызылорда облысында ер адам жазасының аяқталуына бес ай қалғанда бостандыққа шықты. Бұл Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заң аясында жүзеге асырылған шаралардың бірі. Алғашқы сотталғандар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемеден босатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді?
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Елде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, кейбір мобильдік тарифтерге жаңа шарттар енгізіледі, АҚШ Қазақстаннан келетін импортқа 25% кедендік баж салығын енгізеді. Сонымен қатар, ChatGPT қызметінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Түркияда орман өрттерінен жүздеген нысанға зақым келген
Соңғы екі ай ішінде Түркияның 13 аймағында болған орман өрттері 407 тұрғын үйді, 17 коммерциялық ғимаратты және 96 шаруашылық құрылымды толығымен жойып жіберген немесе айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Қазақстан семсершілері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап ұлттық семсерлесу құрамаларында шетелдік жаттықтырушылар мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Осы жылдар ішінде қазақстандық семсершілер бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Қытай су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 19,6 миллион доллар бөлді
Қытай Коммунистік партиясы табиғи апат салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында партиялық жарналар есебінен 140 миллион юань (шамамен 19,6 миллион АҚШ доллары) бөлген. Қаржы Қытайдың тоғыз өңіріне, соның ішінде Бейжің қаласына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Таиландта фейерверк фабрикасы жарылып, 9 адам қаза тапты
Таиландтың орталығында орналасқан Супханбури провинциясындағы фейерверк шығаратын зауыттағы жарылыстан кемінде тоғыз адам мерт болып, екі адам түрлі жарақат алған. Апат жергілікті уақытпен 11:10-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.