Қоғам • Кеше

Елімізде тұрғын үй кезегін жеделдету мақсатында жаңа ереже енгізілді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді азаматтар жеке мәліметтердің өңделуіне келісім бермесе, күту тізіміндегі орны төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тұрғын үй кезегін жеделдету мақсатында жаңа ереже енгізілді

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа ереже 8 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

«Егер азамат 5 күн ішінде жеке мәліметтердің өңделуіне келісім бермесе, біз оны күту тізіміндегі төменгі орынға жылжытамыз. Осылайша, кезек жылжиды», деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұл өзгеріс пәтер кезегін қысқартып, шын мәнінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтер алуды жеңілдетеді. Бүгінде Қазақстанда 642 мың адам жеңілдікпен пәтер алу үшін кезекте тұр, бірақ олардың тек 14%-ы (92 092 адам) деректерін жаңартып, пәтер алу құқығын растаған.

Деректерді жаңарту жолдары:

  1. orken.otbasybank.kz порталына кіріңіз;
  2. Жеке мәліметтердің жиналуы мен өңделуіне келісім беріңіз;
  3. eGov.kz арқылы мобильді азаматтар базасындағы телефон нөміріңізді тексеріңіз.