Ата заң • Бүгін, 11:38

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне 26 күн қалды

1 мин
оқу үшін

Елімізде 26 күннен соң жаңа Конституция күшіне енеді. Бұл құжат мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды негізгі басымдық ретінде бекітеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне 26 күн қалды

Конституцияның 1-бабында адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені нақты көрсетілген. Бұл қағида мемлекет қызметінің түпкі мақсаты – адамды қорғау, оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдағы өмір сапасын арттыру екенін білдіреді.

Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттік органдар қабылдайтын барлық шешімдер ең алдымен азаматтардың мүддесі мен игілігін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Яғни, мемлекеттік басқару жүйесінің барлық бағыттары адам факторы мен оның әл-ауқатына негізделеді.

5 жылға сайланатын 145 депутат: Президент Құрылтай туралы конституциялық заңға қол қойды

Жаңа Конституция елдегі құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру мақсатында бес конституциялық заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

LRT атауы өзгереді

Оқиға • Бүгін, 12:29