Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, бұл жай ғана әлеуметтік желі мен медиада «хайп» жасау үшін таралған мәлімет.
«Сәтпаев ұзақ дисквалификация алуы мүмкін деген ақпаратты кім таратып жүр? Менде ондай дерек жоқ. Кім жазып жүр, солардан сұраңыз», деді бапкер.
Белгілі болғандай, «Копенгагенге» қарсы ойынның (2:3) бесінші турында Сәтпаев үшінші сары қағазын алып, бір матчтан автоматты түрде шеттетілген еді.
Алайда матчтан кейін бапкер Сәтпаевтың бұл ескертуі өзімен келісе отырып алынғанын айтты.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Грекияның «Олимпиакос» футбол клубына қарсы кездесуде алаңға шықпайды.