Taza.kz
Жұлдыз ТОЙБЕК
Жұлдыз ТОЙБЕК«Egemen Qazaqstan»
103 материал табылды

Аймақтар • 16 Маусым, 2026

Инвестиция Ұлытаудың өркендеуіне серпін береді

Экономиканың өркендеуі мен өңірлердің әлеуетін арттыруда инвестицияның орны айрықша. Табиғи байлығы мен өндірістік мүмкіндігі мол Ұлытау облысында осы бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау, жаңа жобаларды жүзеге асыру және тұрақты жұмыс орындарын ашу өңір дамуының негізгі басымдықтарының біріне айналған.

Аймақтар • 11 Маусым, 2026

ЖИ бағытындағы игі қадам

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығынан кейін білім саласын жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Аталған құжатта мектептерді цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, оқыту сапасын арттыру, жасанды интеллект технология­ларын кезең-кезеңімен енгізу мәселелері айқын белгіленген. Бұл бастама білім беру жүйесін халықаралық талаптарға бейімдеп, саланы сапаландыру мақсатын көздейді.

Қоғам • 05 Маусым, 2026

Сұранысқа ие инфрақұрылым құрылысының қарқыны

Биыл Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы бойынша жалпы саны 11 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалар саналады. Қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапқан жағдайда, жалпы құны 57 млрд теңгені құрайтын тағы 13 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Білім • 04 Маусым, 2026

Оқушылар өнерін шыңдайтын орталық

Жезқазған қаласында «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығар­ма­шылық орталығы ашылды. Жаңа нысан Болат Өтемұратов қорының қолдауымен салынды.

Медицина • 02 Маусым, 2026

Кеңгір ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласынан небәрі сегіз шақырым жерде орналасқан Кеңгір ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-дәрігерлік амбулатория ашылды. Елді мекенде шамамен 3 мыңға жуық халық тұрады.

Байқау • 02 Маусым, 2026

Арулар сайысы

Ұлытау облысы, Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында Ақмарал Әлтаева атындағы I республикалық «Арқа аруы – 2026» сұлулық байқауы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған байқауда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, қазақ қызының өнері мен өнегесі, мәдениеті мен сұлулығы әйгіленді.

Мәселе • 13 Мамыр, 2026

Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы

Жезқазған қаласы тұрғындарын, қала маңындағы елді мекендерді жерасты көздерінен келетін таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған стратегиялық жоба – «Үйтас-Айдос» су құбырының құрылысы ұзаққа созылып, күлбілтелі нысанға айналғаны баршаны алаңдатып отыр.

«Таза Қазақстан» • 09 Сәуір, 2026

Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ міндет

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйым­дастырылды. Оның барысында Жезқазған, Сәтбаев қала­ларында жалпы аумағы 22 га жер қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.

Руханият • 08 Сәуір, 2026

«Дәридайлап» жыр төккен

Мұқаш (Мұханбетқали) Сейтқазинов ағаның айтысын тұңғыш рет 1990 жылы Алматы қаласында көргенмін. Біз онда ҚазМУ-дың соң­ғы курсында оқитын едік. Әр облыстан таңдаулы ақындар, термешілер, жыр­шылар қатыс­қан үлкен өнер аламаны өтті. Сол жолы сахнаға домбырасыз шығып, «Дәридай» деп ай­тысқан Мұқаңа таң-тамаша қалғанбыз. Бұл аздай, Керекуден келген Серік Құсанбаев ағамыз домбыраны солақай тартатын болып шықты. Бірі домбырасыз «дәридайласа», бірі домбы­раны со­лақай ұстап шыққаны, жасыратыны жоқ, басында күлкілі көрінген. Кейін ақындардың табан астын­да сөз тауып кеткен тапқырлығын, сөз саптауын, тегеурінін көргенде, талантына қайран қалдық.

Қоғам • 07 Сәуір, 2026

Қоныс аударушыларға қамқорлық

Ұлытау облысының құрамына бар болғаны екі аудан кіреді. Соның бірі – Ұлытау ауданы. Ауданға кейінгі үш жылда 46 от­басы 166 мүшесімен қоныс аударды. Ал биылдың өзінде аудан орталығы Жезді кенті мен Егінді, Қарсақбай ауылдарына алғашқы ерікті түрде қоныс аударушылар келе бастады.

Яндекс.Метрика