
Өнер • 26 Тамыз, 2022
Халықаралық байқауда бақ сынайды
Алдағы 5-11 қыркүйек аралығында Astana Opera халықаралық опера академиясының тыңдаушылары Дінмұхамед Көшкінбаев пен Гүлдана Алдадосова Венгрияда өтетін Ева Мартонның V халықаралық вокалистер байқауына қатысады. Олар әлемнің 29 елінен келген 70-ке жуық жас опера орындаушыларымен бірге сынға түседі.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2022
Қазақ әңгімесі дегенде алдымен ойымызға шағын жанрдың шебері Бейімбет атамыз келеді. Иа, кәдімгі Бейімбет Майлин! Обалы нешік, Биағаңның оймақтай әңгімелерін оқығанда өткен ғасырдың басындағы оқиғаларды теледидардан көргендей әсерде боламыз. Сондай кезде әп дегеннен оқырманды жетелеп, еріксіз езу жиғызып, кейде жаныңызды мұңайтып, кейде қуантып отыратын ғажайып бейнелердің галереясын жасаған жазушының шеберлігіне таңдай қағасыз. Оның шығармаларында басы артық деталь, көлденең сөз, артық бояу жоқ. Бір деммен құйыла салған секілді. Белгілі қаламгер Жолтай Әлмашұлының әңгімелері де Биағаңның туындыларымен үндесіп тұрады. Жазушы философиялық терең ой айтамын деп күшену, сөзбен сурет саламын деп көпсөзділікке ұрыну, кейіпкерлерді асыра әсірелеу секілді қасиеттерден ада. Қайта, шығарманы қолмен қойғандай дәлдікпен, ұтымды детальмен, айшықты әзілмен әрлеп отырады.
Руханият • 23 Тамыз, 2022
Өткен мен бүгінді сабақтастырған...
Елордадағы Ұлттық музейде «Дәстүр мен уақыт» атты қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер туындыларына арналған көрме өтті.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Өмірде бір көргеннен есіңізде қалатын адамдар болады. Сондай аяулы жанның бірі – өлкетанушы қаламгер Клара Әмірқызы. Мен ол кісіні алғаш 1995 жылы көрдім. Бірінші курс студентіміз. Қазіргі бас қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында әдебиетке жақын жастарға «Арай» студиясы жұмыс істейді дегенді естіп, бірге оқитын досымыз екеуміз келдік. Сөйтсек, осы студияны ашқан Клара апа екен. Бізді жылы қарсы алып, жақын тартып сөйлесіп, мейірімді жүзімен «енді келіп тұрыңдар» деді. Осы бейнесі жадымда ұмытылмай қалды. Ол кісі әр іс-шараны өте қызықты өткізетін. Бірде студияға жергілікті ақын-жазушыларды шақырып кездесу ұйымдастырса, енді бірде Ақмола өңірінің тарихы, көне жер-су атаулары және осы өлкеден шыққан атақты адамдар туралы тағылымды әңгіме өрбіткені есімде.
Театр • 18 Тамыз, 2022
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
«Астана Опера» сахнасында өнер көрсетіп, елордалықтарды жылы әсерге бөлеген Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері мен музыканттары гастрольдік сапарын қорытындылады.
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Атақты Балуан Шолақ бабамыздың «Ғалия» әніне себепкер болған Ғалия туралы не білеміз? Шынымен де, әрі балуан, әрі әнші, әрі сері Балуан Шолақты ынтықтырған Ғалия кім болды екен?
Әдебиет • 15 Тамыз, 2022
Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдардың басында әдебиетімізге талантты бір толқын келді. Олар «әдебиетке мен келдім» деп кеуде қағып өрекпіген жоқ, көркемсөз табалдырығын сыпайы аттады. Алайда бұл буынның көркемсөз өнеріндегі жолы жеңіл болды дей алмаймыз, олардың алаңсыз шығармашылықпен айналысып, том-том кітап жазуға мүмкіндіктері болмады. Бір-екі кітабы жарық көріп, елге таныла бастағанда қайта құру басталып, тоқырау заманына килікті. Қаламақы да көзден бұл-бұл ұшты. Сондай түрлі қиындыққа қарамастан олар шығармашылықтан алыстамай, ел сүйіп оқыған көркем дүниелер жазды. Қазір олардың да жасы жетпістен асып, аға буынға айналды. Осы буынның бірегей өкілі, жазушы-драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлы.
Өнер • 15 Тамыз, 2022
Елордада біраз жылдан бері дәстүрге айналған «Азия жаңғырығы» атты XIII цирк өнері фестивалі қайта жаңғырды. Әлемді жайлаған індетке байланысты екі жыл үзілістен соң қайта бастау алған айтулы байқауға әлемнің 13 еліндегі цирк өнерінің үздік әртістері келді. Ауқымды мәдени іс-шараны өткізуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдау көрсетті.
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетовтің Абылай хан бабамыздың балауыздан жасаған бейнесі ерекше әсерге қалдырады. Өз кейіпкерінің мүсінін шынайы кейіпке жақындатып, дәл осындай нақты дәлдікпен жасау – үлкен шеберлікті талап етеді. Шындығын айтқанда, бұл екінің бірінің қолынан келмейді.
Кино • 10 Тамыз, 2022
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Жақында отандық бір телеарнадан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елімізден қиырдағы Украинаға мал айдап барған қазақстандықтар туралы «Ұзақ құс жолы» атты көркем фильм көрсетілді. Бұл туынды 1983 жылы жарыққа шыққан, оны түсірген – қазақ киносының қазынасын «Ақырғы аманат», «Охрана бастығы», «Ебелек», «Кімсің сен, шабондоз?» атты бірегей туындыларымен байытқан айтулы режиссер Амангелді Тәжібаев еді.