Banner
Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
682 материал табылды

Әлем • 15 Наурыз, 2023

АҚШ-та жарық көрген жинақ

Nazarbayev University-де жара­ты­лыс­тану, әлеуметтік және гумани­тарлық ғы­лымдар мектебінің профес­соры Гүлнәр Омарбекованың «Қа­зіргі қазақ мақал-мәтелдерін зерттеу: цифрлық, танымдық, әдеби және эко­логиялық бағыттар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Зерттеу жинағы Питер Ланг (Нью-Йорк) баспасынан былтыр жарық көрді.

Өнер • 14 Наурыз, 2023

Шындық бейнеленген картина

Ұлттық музейде Қазақстандағы Испания корольдігі елші­лігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық» атты көрмесі ашылды.

Ғылым • 08 Наурыз, 2023

Асылай ашқан жаңалық

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, PhD Асылай Құрманбаева ғалымдармен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру стратегиясын әзірлеуді бастады. Сарапшылар өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне бейімделу механизмдерін зерттеп, оған төзімді сұрыптарды жасауға қатысты тың деректерді тапты.

Технология • 03 Наурыз, 2023

Дауысты мәтінге айналдыратын технология

Қазір сан түрлі ақпараттан көз сүрінеді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ажырату да қиын. Әйтеуір солардың арасынан құмнан алтын сүзгендей жылт ете қалған жағымды жаңалыққа елең ете қаласың. Бір ай бұрын Nazarbayev University-індегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары (NU ISSAI) түркі тілдеріндегі сөйлемдерді танитын технология әзірлегенін жазып, оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік. Бұл жолы ғылым ордасына арнайы барып, технологияны жасаған мамандармен тілдесуді жөн көрдік.

Ұстаз • 03 Наурыз, 2023

Оқытушылардың жаңа бейнесі

Nazarbayev University-де «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар аяқталды. Он күнге созылған мазмұнды іс-шараны Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Nazarbayev University, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұйымдастырды.

Қазақстан • 02 Наурыз, 2023

Ұлт айнасы – «Qazaqstan»

Қазір үйдің төрінде тұрған теледидарсыз таңымыз атып, күніміз батпайды. Жұмыстан қолымыз қалт ете қалса, соның алдына отыра қалуға дайын тұрамыз. Бір жағынан, цифрлық телевизия дамыған дәуірде қаптаған арналардан көз сүрінеді. Алайда солардың ішінен бала күнімізден жүрегімізге жақын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жөні де, орны да бөлек.

Өнер • 28 Ақпан, 2023

«Talapai»-ға қызығушылық танытты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Айнұр Пола­това ұлттық ойындарды дәріптейтін «Ta­lapai» бірегей жобасын сәтті жүзеге асыр­ды. Енді ол Парижде киіз үй түрінде жасаған сөмкенің дизайнын таныстырады.

Қоғам • 27 Ақпан, 2023

Қолжазбалардағы зұлмат жылдар тарихы

Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазба деректеріндегі – зұлмат заман тарихы» атты халықаралық ғылыми танымдық дөңгелек үстел өтті.

Құқық • 27 Ақпан, 2023

Құқықтық реттеу тетігін әзірледі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары елімізде алғаш рет медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу тетігін әзірлеу бағытында ғылыми-зерттеу жүргізді.

Тұлға • 23 Ақпан, 2023

Тектінің тұяғы

Қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбеков баласы Бақытқа:«Балам сені осы көп,Айтып жүр ғой жақсы деп,Мен өзім де ойламан,Ақыл сенде тапшы деп. Мен ұлғайған шығармын,Сендегі өмір – жол әсем.Ақындықты бір алдың, Ақылымды көп ал, сен!,» – деп тебірене толғанып, жыр арнапты.

Яндекс.Метрика