
Digital • 27 Маусым, 2025
Ел азаматтары енді жеке куәлігін толықтай онлайн ауыстыра алады. Ол үшін «eGov.kz» порталы мен «eGov Mobile» мобильді қосымшасында құжатты қашықтан қайта рәсімдейтін қанатқақты жоба іске қосылды. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, жүзеге асырып отыр.
Университет • 21 Маусым, 2025
Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын сарапқа салатын беделді «QS World University Rankings 2026» нәтижелері жарияланды. Бұл жолғы жаһандық рейтингте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 317 орынға көтеріліп, үздіктер қатарынан көрінді.
Digital • 20 Маусым, 2025
Зерделі оқушының ерекше ізденісі
Қазіргі жастар жасанды интеллектіні жетік меңгеріп алған. Соның бірі – елордадағы Халықаралық мектептің 11-сынып оқушысы Әмір Нұрғали. Ол жасанды интеллектінің (ЖИ) қоршаған ортаға әсерін зерттеп, «ChatGPT»-ге айтылатын «рахмет», «өтінемін» сияқты қарапайым сөздердің миллиондаған литр су мен орасан зор электр энергиясын тұтынатынын анықтады.
Театр • 18 Маусым, 2025
Адамзат жаралғаннан бері жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен ізгілік, мейірімділік мен қатыгездік күресі бір сәт толастаған емес. Заман қанша жаңарып өзгерсе де, адам бойындағы бұл екі мінез әлі күнге дейін текетіресіп, қалмай келеді. Неге? Бұл сұрақтың жауабы бар ма? Әлде өмірдің заңы ма?
Архив • 17 Маусым, 2025
Архивті цифрландыру – уақыт талабы
Жақында Астанадағы Президент Архивінің жаңа ғимаратында халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі аясында «Архивтердің цифрлық трансформациялануы және құжаттық мұраны сақтау» атты айтулы іс-шара өтті.
Білім • 06 Маусым, 2025
Алғашқы түлектерін қанаттандырды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект технологиялары кафедрасы ЖИ саласындағы алғашқы мамандарын даярлап шығарды. Олардың 28-і – бакалавриат түлектері.
Ғылым • 05 Маусым, 2025
Nazarbayev University-де IV халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы өтті. Оған әлемнің он бес елінен ғалымдар келіп, осы салаға қатысты ғылыми мәселелерді талқылады.
Жансарай • 30 Мамыр, 2025
Қалиолла АХМЕТЖАН, суретші, этнограф-ғалым: Өнерде әлі еуроцентристік көзқарас басым
Бүгінгі кейіпкерімді сыртынан ғана білетінмін. Бұрын сөйлесіп көрген емеспін. Алайда шығармашылығымен жақын таныспын. Елімізге белгілі қылқалам шебері. Білікті этнограф. Сондай-ақ көне қару-жарақтарды зерттеген ғалым. Сондықтан бұл кездесу қалай болады деп аздап қобалжыдым. Бірақ оным бекер екен. Қалиолла аға өте қарапайым. Сыпайы. Біртоға. Екеуміздің әңгімеміз бірден жарасты. Ақ параққа түскен сол әңгімені оқырманға ұсынып отырмын.
Басылым • 30 Мамыр, 2025
Талантты ақын, аудармашы, бірнеше әдеби байқаулардың лауреаты Абылай Мауданның «Дайдидау» атты жыр кітабы қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілінде оқырманға жол тартты.
Форум • 28 Мамыр, 2025
Шәкәрім университетінде Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай «Абайдың толық адам ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты республикалық жастар форумы өтті. Айтулы іс-шара Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған абайтанушы ғалымдар, еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттер қатысты.