«Таза Қазақстан» • 15 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда мектептерінде «Экокүн» экологиялық фестивалі өтті.
Тарих • 15 Маусым, 2024
Алдағы қазан айында халқымыздың ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толады. Айтулы тұлға саналы ғұмырында туған халқына қалтқысыз қызмет етті. Оның айшықты ізі жүріп өткен жолында ғана емес, ол түскен суретте де сақталған.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Жақында Ташкент қаласында «Көкөніс бақша дақылдары мен картопты іріктеу, тұқым шаруашылығында және өнім өндіруде ресурстарды үнемдейтін және қарқынды технологияларды қолданудың ғылыми негіздері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-конференция өтті. Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары қатысты. Біздің ғалымдар онда аталған жоғары оқу орны мен «Өзбек көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтымен екіжақты меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Ғылым • 12 Маусым, 2024
«Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» атты отандық ғылыми журнал алғаш рет Орталық Азия мен ТМД көлемінде «Digital Commons Elsevier» платформасында шыға бастады. «Elsevier» – әлемдегі ең ірі ғылыми баспалардың бірі. Онда дүниежүзіндегі ғылыми журналдардың барлық мақаласының төрттен бірі басылады.
Білім • 11 Маусым, 2024
Инновациялық білімнің жаңалығы
С.Торайғыров университетінде «Инновациялық білім бағдарламалары: технологиялық форсайт, адами әлеуетті озық дамыту, аймақтар қажеттіліктеріне жедел әрекет ету» атты әдістемелік семинар-тренинг өтті. Іс-шара Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Тарих • 03 Маусым, 2024
Белгілі қаламгер Табыл Құлияс қария мұрағатқа мәттақам еді. Осы суретті көзі тірісінде сол кісі берді. Мұнда 1927 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқып жүрген өрімдей қазақ жастары бейнеленген. Бірақ олардың кім екені беймәлім. Оқуға қай өңірден барғаны да белгісіз. Марқұм Табыл аға да суреттегі адамдарды нақты білмейтінін айтқан еді.
Президент • 01 Маусым, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық технологиялар көшінің басында болуымыз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесіп, осы салаға қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Білім • 31 Мамыр, 2024
Биомедицинаның болашағы баянды
Қазір әлемде биомедицинаның маңызы артып келеді. Біздің елімізде бұл сала енді даму үстінде. Отандық ғалымдардың осы саладағы тың ізденісі көңіл қуантады. Сондай ғалымның бірі – NU Инженерия және цифрлық ғалымдар мектебінің ассистент профессоры Гүлсім Құлшарова.
Университет • 23 Мамыр, 2024
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты.
Таным • 10 Мамыр, 2024
Сіз білесіз бе? Тотықұс қанша жасайды?
Бұл сауалға бірден жауап беру қиын. Дегенмен күтімі жақсы болса үй жануарлары ұзақ жасайды. Айталық, төрт түліктің төресі – жылқы 30 жыл тіршілік етсе, ит 15 жылдан артық жасамайды екен.