Сұхбат • 07 Ақпан, 2025
Бекен Ыбырайым, жазушы: Шала таным адастырады, шалағай талғам таластырады
Өткен ғасырдағы 70-жылдардың ортасында әдебиетке бір талантты толқын келді. Олар «біз келдік» деп ешкімге өрекпіген жоқ. Мәдениетті мінез көрсетті. Сыпайылық сақтады. Алдындағы аға буынның бар асылын бойына сіңірді. Көркем сөз өнеріне өзгеше өрнек қосты. Шұрайлы шығармаларымен руханият қазынасын байытты. Бастысы, өнімді жазып, әдебиетке адал еңбек етті. Осы буынның белгілі өкілі, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты Бекен Ыбырайыммен сын мен әдебиеттің дамуы туралы әңгімелескен едік.
Ең қысқа әңгіме • 07 Ақпан, 2025
Құрт-құмырсқа Бірде ауылдағы клубтың алдында Айдос, Ардақ, Аманжол төртеуміз әңгімелесіп отырдық. Қою қара сия түн. Ай сәулесі сығырайып түсіп тұр. Жұрт қалың ұйқыда.
Жәдігер • 25 Қаңтар, 2025
Тобыл өңірінде Бірмағамбет Алдияров есімді ауқатты адам өмір сүрген. Бұл кісі өз заманының көзі ашық азаматы болған. Жарлы-жақыбайға да көп көмегі тиген. 1920 жылдан бастап, кеңес өкіметі еліміздегі ірі байлардың мал-мүлкін тартып алып, өздерін басқа жаққа жер аударды. Осы науқанға Бірмағамбет байдың да отбасы алдымен іліккен. Кеңес билігі оның да бар мал-мүлкін тәркілеп алған. Қазір сол атамыздың үйінен алынған кейбір заттар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр.
Университет • 24 Қаңтар, 2025
Үздік 200 университеттің қатарына енді
Nazarbayev University (NU) халықаралық «Times Higher Education» (THE) жаңа рейтингінде «Білім беру» бағыты бойынша әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді.
Білім • 21 Қаңтар, 2025
Қазақ тілін оқытудың жаңа моделі
«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасанды интеллектіге негізделген «Tilqazyna қазақ тілін оқыту моделінің» алғашқы нәтижесін жариялады.
Жәдігер • 18 Қаңтар, 2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі көне жәдігерлерге бай. Әсіресе онда өңір тарихынан сыр шертетін дүниелер өте көп. Сондай экспонаттың бірі – нарқобыз.
Басылым • 16 Қаңтар, 2025
Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбайдың «Жан әуендері» және «Менің көзім арқылы» атты қос кітабы жарық көрді. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан екі жинаққа қарымды қаламгердің кейінгі жылдары жазылған көсемсөздері, танымдық очерктері мен деректі әңгіме-эсселері енген.
Егемен Қазақстан • 01 Қаңтар, 2025
Әріптестеріміз – Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері
Жаңа жылдың қуанышпен басталғаны қандай жақсы. Адамға ерекше көңіл күй сыйлайды. Бүгін талантты жас қаламгерлер үшін ақ түйенің қарны жарылды. Өйткені Президенттік арнаулы әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Солардың ішінде «Egemen Qazaqstan» газеті Мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Жәнібек Әлиман «Поэзия» аталымында топ жарды.
Университет • 25 Желтоқсан, 2024
Nazarbayev University: Ғылым және инновация – даму кепілі
Орталық Азиядағы жетекші орын алатын Nazarbayev University-дегі (NU) ғылыми топтардың қазақ тіліндегі жасанды интеллект, экзоскелет, қатерлі дертке қарсы дәрі және басқа да коммерцияландыруға бағытталған жобалары өте нәтижелі болды. Әсіресе университет ғылыми зерттеулер мен оны іске асырудың бірегей экожүйесін құра отырып, инновацияны дамытуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ іргелі оқу орнының ғылыми зертханалары мен орталықтары жасанды интеллект, наноматериалдар және биотехнология саласындағы жобаларға бастамашы болып отыр. Биыл университет ғылым мен білімдегі ұстанымын нығайта отырып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Мектеп • 19 Желтоқсан, 2024
Тәуелсіздік күні мерекесінде бірқатар өңірде жаңа білім нысандары ашылып, ел тұрғындары қуанышқа бөленді.