
Басылым • 02 Қараша, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюция» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Мазмұнды іс-шара тарих ғылымдарының докторы, профессор Сатай Сыздықовтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Мирас • 01 Қараша, 2024
Астанада «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі жас отбасылар арасында «Қазағымның дәстүрлері-ай!» атты ұлттық-этнографиялық сайыс өткізді. Оған елордалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» орталығы қолдау көрсетті.
Digital • 29 Қазан, 2024
Ауқымды мультилокациялық хакатон
Жақында елордада әлемдегі ең ірі мультилокациялық хакатон – «Decentrathon 2.0» ашылуына арналған іс-шара өтті. Сыйлық қоры 50 000 долларды құрайтын оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Blockchain & AI Technology Center» (BAITC) «Astana Hub»-пен бірлесіп өткізді.
Университет • 02 Қазан, 2024
Декандар көшбасшылық курсынан өтеді
Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің мамандары әзірлеген «Академиялық көшбасшылық институты: декандар мектебі» бағдарламасы аясында 80 университет деканына арналған көшбасшылық курсы басталды. Бұл курс желтоқсан айына дейін созылады. Оған қатысушылармен ұлттық, халықаралық жоғары білім сарапшылары жұмыс істейді.
Жоба • 27 Қыркүйек, 2024
«Astana Hub» халықаралық технопаркі елімізде жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытатын «AI Movement» бастамасын іске қосты. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.
Тағзым • 26 Қыркүйек, 2024
Ақын үйіне ескерткіш тақта қойылды
Былтыр дүниеден озған көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының бас шаһардағы тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды. Тағылымды іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің жауапты тұлғалары, елордалық зиялылар, ақын шығармашылығын жақсы көретін оқырмандар мен туған-туыстары қатысты.
Тағзым • 20 Қыркүйек, 2024
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Қазақстанның халық ақыны, сатирик, сазгер, журналист, қоғам қайраткері Қонысбай Әбілдің 70 жылдығына арналған «Әй-әй» ақын әлдиі» атты еске алу кеші өтті. Мазмұнды мәдени іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Жансарай • 20 Қыркүйек, 2024
Рысқұл Ойнаров, академик: Ар-ұят секілді қалқанымыздан айырылып қалғандаймыз
Академикпен кең отырып әңгімелесуге Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында кездесетін болып келістік. Бұрын көрмеген ғалыммен кездесу қалай болады деп аздап қобалжып, параққа жазып алған сұрақтарымды қайта-қайта қарап, бір пысықтап алдым. Сөйткенше, аталған оқу орнына да жеттім. Алдымнан ұзын бойлы, жүзінен мейірімі төгілген кісіні көргенде, көңілім бірден жайланып сала берді. Сондай зиялы, қарапайым тұлғаның бойынан қазақылықтың иісі аңқып тұр. Құдды ауылдағы жақын ағамды көргендей болдым. Осы жолы елімізге белгілі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рысқұл Ойнаровпен отандық ғылымның дамуы, қазақ тілінің жағдайы, ұрпақ тәрбиесі туралы сөйлестік.
Мәселе • 17 Қыркүйек, 2024
Елімізде орташа ауа температурасы 10 жыл сайын 1,3 градусқа көтеріледі. Бұл мәліметті Nazarbayev University-де (NU) өткен «LCOY Kazakhstan-2024» атты жергілікті жастар конференциясында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі жеткізді.
Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2024
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның жазу мәшеңкесі сақталған. Бұл бағалы жәдігерді сол жылдардағы ел үкіметі қайраткерлік пен қаламгерлікті тең ұстаған айтулы тұлғаның шығармашылығына 20 жыл толуына орай сыйға тартқан.