Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025

Майдангер ғалымға құрмет

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің қатары тым селдіреп қалды. Бірақ арамызда әлі де майдангер аталарымыз бар. Солардың бірі – биология ғылым­дарының докторы, профессор Зұлқарнай Сейітұлы. Жеңіс мерекесі қарсаңында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Күрішбаев ардагер-ғалымның шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Майдангер ғалымға құрмет

Бүгінде қарт майдангер – 103 жаста. Алайда ойы – тың, санасы – сергек. Ол әскерге 1942 жылы алынған. Алдымен Свердлов облы­сындағы Туринск қаласында жаудың танктерін жоюдың арнайы курсынан өтеді. Содан кейін бірден Сталинград шайқасына аттанған. Одан соң Белоруссия мен Польшаны азат етіп, Берлинді алуға қатысқан. Соғыстан кейін Потсдам қаласын минадан тазартады. Майдандағы ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері және көп­теген медальмен марапатталған.

Ардагер өзін арнайы құттықтап келген Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаевпен емен-жарқын әңгімелесіп, жорық жылдарынан аз-кем естелік айтты. «Мен көрген зұлмат соғысты енді ешкім көрмесін. Еліміз аман, жас­тарымыз бақытты өмір кешсін. Бейбіт заман болсын!» деп ақ батасын берді.

Ғалым соғыстан кейін Омбы ауылшаруашылық институтын бітіріп, ғылым жолын таңдаған. Қырық жылға жуық қазіргі Қазақ ұлт­тық аграрлық зерттеу уни­вер­ситетінде жемісті еңбек етті. Отыз жыл­дан аса уақыт осындағы орга­ни­калық және биологиялық химия кафедрасын басқарып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Биохимия саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, биология ғылымдарының докторы атанды. Ғалымдар арасында қазақ және орыс тілінде алғашқылардың бірі болып «Биохимия» оқулығын жазды. Кейін бұл оқулығы ағылшын тілінде жарық көрді. Бүгінде профессор – 150-ден аса ғылыми еңбек пен монографияның, 20-дан аса патент пен авторлық куәліктің авторы.

Әсіресе Зұлқарнай Сейітұлының әріптестерімен бірге «Қазақ бальзамы» және «Алтынсу» емдік сусынын әзірлеген еңбегін ерекше айтуға болады. Сондай-ақ әлемде алғаш рет өзінің биологиялық қасиетін жоғалтпай, 10 айға дейін сақталатын қымыз және шұбат да­йындау технологиясын, оның ішінде құрғақ қымыз, шұбат, бие және түйе сүтін алу тәсілін ойлап тапқан. Осындай ғылыми жаңалықтары үшін ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді. Сонымен қатар тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты болды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15