Фото: istockphoto.com
Тергеу мәліметінше, күдікті адамдардың сеніміне кіріп, алдын ала ақша алып, уәдесін орындамай алаяқтық жасаған. Осылайша ол тұрғындардың бірінен 3 миллион теңге жымқырған.
«Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындады», делінген полиция хабарламасында.
Полиция азаматтарды сақ болуға, тек ресми сатушылардан тауар сатып алуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады.
«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырғанына қарамастан, әзірге суреттегі әйелдің кім екені және оның нақты жағдайы анықталған жоқ.